03
март
2025
Тамақ сапасына мониторинг
Тамақ сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері 2025 жылдың 3 наурызы күні мектеп асханасына тексеріс жүргізді. Зерделеу барысында тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі сертификаттарымен салыстырылып қаралды. Тағамдардың дайындалу технологиясы, тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығы, қоймадағы азық-түліктің сақталуы қаралды. Қолданылатын ыдыс аяқтар талаптарға сәйкес, жарылған сынған ыдыстар болмады. Асханадағы ас үлесі мәзірге сәйкес. Асхананың кіре берісінде қол жууға арналған раквиналар бар, барлығынан да су жүріп тұр, қол кептіргіш құралы да бар, жұмыс жасап тұр. Асхана тазалығы талапқа сай. Алға қарай да жүйелі жұмыстар өз уақытында жүргізіледі, комиссия мүшелері өз жұмыстарын жалғастырады



