15
декабрь
2025
16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында 2025 жылғы 15 желтоқсан күні мектебімізде 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Тәуелсіздіктің маңызын түсіндіру, отансүйгіштікке тәрбиелеу, ел тарихына құрмет сезімін қалыптастыру.
Іс-шараға Қордай ауданы білім бөлімінің басшысы Аширбеков С.С. қатысып, еңбегі еленген азаматтарды алғыс хатпен мараппаттады. Салтанатты іс-шарамыз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Шара барысында Желтоқсан оқиғасына қатысқан ерлердің ерлігі мен ел Тәуелсіздігі жолындағы күрес туралы мәліметтер айтылды. Оқушылар патриоттық әндер орындап, тақырыпқа сай өлеңдер оқып, көріністер қойды.
Шара барысында Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері дәріптеліп, оқушылардың елге деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі артты. Іс-шара тәрбиелік мәні жоғары, мазмұнды әрі әсерлі түрде өтті.