14
ноябрь
2025
Күз ханзадасы мен ханшайымы
№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында 14 қараша күні 9-10 сынып оқушылары арасында «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атты мектепішілік іс-шара өтті. Іс-шараға жоғарғы буын оқушылары қатысты. Барлық сынып жетекшілер мен сыныптағы оқушылар жанкүйер болып, белсенді қатысып жүрді. Осы мектепішілік байқаудың арқасында оқушылар бір-бірімен қарым-қатынасы одан бетер арта түсті. Оқушылардың ұйымшылдықтары арта түсті. Байқауға 9 «А», 9 «Ә», 9 «Б», 9 «В», 9 «Г», 9 «Е», 9 «Д», 10 «А», 10 «Ә», 10 «Б», 10 «В», 10 «Г», 10 «Д» сыныптары қатысып,жүлделі орындарға ие болды. 2025 жылдың «Күз ханзадасы мен ханшайымы» номинациясын Мадраимова Амира мен Тажи Амир жеңіп алды.

