15
январь
2025
Тамақ сапасына мониторинг жүргізу
Тамақ сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері 2025 жылдың 15 қаңтар күні мектеп асханасына тексеріс жүргізді. Асханадағы дайын және шикі өнімнің сапасына бақылау үшін мониторинг жүргізді. Комиссия мүшелері асханадағы азық-түлік сертификаттарын, асханада санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын тексерді. Күнделікті ас-мәзірге сәйкестігі және тағамды өлшеу сәйкестігі талапқа сай. Тоңазытқыш технологиялық жабдықтардың жарамдылығы, қоймадағы азық-түліктің сақталуы, қолданылатын ыдыс аяқтар талаптарға сәйкес, жарылған, сынған ыдыстар болмады. Алдағы уақытта тамақ сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері өз тексеру жұмыстарын жалғастырады.

