22
январь
2024
Мұражайға саяхат
Аудандық музейде аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, техника ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 112 жылдығына орай «Алатаудай асқақ тұлға» атты ашық сабақ өткізілді. Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа халқымыздың көрнекті тұлғасы Д.Қонаев жайында толыққанды ақпарат беріп, өнегелі ғұмырымен таныстыру. Сабаққа №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназияның 1 «Ә» сынып оқушылары қатысты. Шара барысында оқушыларға проектор арқылы ұлы саясаткердің балалық шағынан бастап мемлекеттік лауазымда атқарып жүрген кезі, отбасының, жолдастарының, ол кісінің атына берілген наградалар мен ескерткіштердің, өзі салдырған ғимараттардың суреттері көрсетілді.

