Мұңайтбас Өркен Орынбасарұлы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің алғыс хатына ұсынылады. » СШ №1 им. Конаева
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 4-87-23
Есепші бөлімі:
+7(72636) 4-87-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұңайтбас Өркен Орынбасарұлы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің алғыс хатына ұсынылады.
30
июнь
2023

Мұңайтбас Өркен Орынбасарұлы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің алғыс хатына ұсынылады.


Мұңайтбас Өркен Орынбасарұлы
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің алғыс хатына ұсынылады.
«Жамбыл облысы әкімдігі Білім басқармасының Қордай ауданы білім бөлімінің №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Еңбек өтілі: 36 жыл
Білімі: жоғары, бакалавр
Санаты: педагог-шебер
Мұғалімнің жеткен жетістіктері:
2005 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің олимпиадасында 1-орынды иеленді. 9-сынып оқушысы Шынғожа Жұлдыз «Қазақ ауыз әдебиетін зерттеу арқылы түркі халықтарының бірлігін дәлелдеу» атты ғылыми жоба жазып, Павлодар қаласында өткен республикалық «VI Қ.Сәтпаев оқулары» байқауында 3-орынды иеленді. 10-сынып оқушысы Жұматаева Әсел қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық олимпиадада 3-орынды иеленді.
2005 жылы 5-сыныпқа арнап, 2006 жылы 6-сыныпқа арнап «Риторика» оқулығын шығарды.
2007 жылы Н.А.Оразахунованың басшылығымен «Өлеңді сатылай-комплексті талдау», «Ауыз әдебиетін сатылай-комплексті талдау» әдістемелік жұмыстарын жазып шықты және Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясының алғыс хатымен марапатталды.
2009 – 2019 жылдары мектеп-гимназия директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2011 жылы синергетика методологиясын зерттеп, мектеп, аудан мұғалімдеріне түсіндіріп, әдістеме ретінде құрастырып, «Синергетика әдісі – білім берудің негізі» атты әдістемелік жинақ құрастырды.
2011 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» медалімен марапаттады.
2012 жылы облыстық «Үздік педагог» байқауына қатысып, «Әдіскер мұғалім» номинациясы бойынша марапатталды.
2020 жылы Республикалық «Жас дарын» орталығы педагогика саласындағы көп жылғы еңбегі үшін «Педагогика саласының үздік қызметкері» медалімен марапаттады. Daryn-online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп ұйымдастырған ІІ Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасында ІІ дәрежелі дипломмен, «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған қазақ тілінен Блиц-турнирде І орынмен, Daryn-online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп ұйымдастырған Қазақ тілі мен Қазақ әдебиеті пәні бойынша олимпиадада ІІ дәрежелі дипломмен, сондай-ақ Қазақстан интернет олимпиадасында бірнеше мәрте жүлделі орындармен марапатталды.
Білім берудегі синергетика әдісін технология ретінде зерттей отырып, алғашқы нәтижесі ретінде 2021 жылы 5-сыныпқа арнап «Қазақ тілін синергетика технологиясымен оқыту» тақырыбында авторлық бағдарлама жазып, облыстық байқауда 3-орынды иеленді. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған жас ғалымдар арасындағы облыстық үздік ғылыми жобалар байқауынан 3-дәрежелі дипломмен, «Әл-Фараби – әлемдік тұлға» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, кәсіби шеберлік көрсеткені үшін дипломмен, Республикалық Ұлттық Интернет олимпиада сайтының Мұғалімдерге арналған қазақ тілі пәнінен ұйымдастырған қашықтық олимпиадасынан 3-дәрежелі дипломмен, ағартушы педагог Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Педагогикалық білім беру: әлемдік руханият, заманауи трендтер және инновациялық тәжірибе» атты ІІ Халықаралық педагогикалық оқуларында «Үздік педагогикалық өнім – 2021» байқауының «Үздік инновациялық әдістеме» номинациясы бойынша 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.
2022 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында эссе жазу байқауының аудандық кезеңінде 1-орын алып, облыстың кезеңде 2-орынды иеленді. Облыс әкімінің Кубогіне арналған «Ұлы даланың рухани тұғыры – Тәуелсіздік» атты облыстық пікірсайыс турниріне оқушы дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
 
Оқушылары республикалық, халықаралық байқауларда жүлделі орындарды иеленіп жүр. 2019 – 2020 оқу жылында оқушылардың аудандық пән олимпиадасында 9-сынып оқушысы Муналова Алина 1-орынды, Республикалық «Дала сазы» байқауында Абайдың қара сөздерін оқудан 6-сынып оқушысы Шотбай Дәулет 2-орынды, Абай өлеңдерін оқудан 5-сынып оқушысы Жолаушы Алима 3-орынды, 9-сынып оқушысы Бекбол Бағым 2-орынды, ғылыми жоба номинациясы бойынша Нұралы Диана 3-орынды иеленсе, Республикалық «Қош келдің, құтты Наурызым!» атты шығармашылық байқауда 7 оқушысы Бас жүлдені жеңіп алды. Халықаралық «Талантты жастар» байқауында (ғылыми жоба номинациясы) 9-сынып оқушысы Қыдыралы Серік 1-орынды иеленді. 2020 – 2021 оқу жылында республикалық дәстүрлі интернет олимпиадасынан 11 оқушы, Ұлттық интернет олимпиадасынан 5 оқушы, «Ақбота» интеллектуалдық марафонынан 30 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Аудандық «Қабылдаған дұрыс шешімдерім – менің өмірлік ұстанымым» тақырыбында эссе жазу байқауынан 10-сынып оқушысы Біржан Нұррамазан 1-орынды, оқушылардың пән олимпиадасынан 6-сынып оқушысы Маратхан Нұрай 1-орынды жеңіп алса, республикалық «Абай әлемі» шығармашылық байқауынан 7-сынып оқушысы Шотбай Дәулет дипломмен, Жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткен «SCIENCE DISCOVERIES AND PROGRESS-2020» ІІІ Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауынан 10-сынып оқушысы Мұқаш Алуа 2-дәрежелі липломмен марапатталды.
2021 жылы 6-сынып оқушысы Құрманбек Кәусар республикалық «Тұлпар мініп, ту алған» байқауының аудандық кезеңінде 1-орын алды және облыстық кезеңінде Алғыс хатпен марапатталды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткізілген республикалық «Алтын тобылғы» зияткерлік олимпиадасында 7 оқушысы І орын алды. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай өткен «Абай – дара, Абай –дана!» атты республикалық өнер байқауында "Көркемсөз оқу" номинациясы бойынша оқушысы Шотбай Дәулет І дәрежелі дипломмен марапатталды.
2022 жылы жастардың белсенді азаматтық ұстанымын, сыни ойлау дағдыларын, қоғамдағы өзекті мәселелерді жария талқылау және талдау арқылы пікірсайыс қозғалысын дамыту мақсатында ұйымдастырылған «JETI JARGY CUP» атты пікірсайыс турниріне белсене қатысқаны үшін 11-сынып оқушысы Дүйсенбай Гүлзат ҚР Ақпарат және даму министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды. Д.Қонаевтың 110 жылдығына орай өткізілген «Халқын сүйген, халқының қалпын сүйген – Қонаев» атты аудандық пікірсайыс байқауында «Дат» фракциясы 2-орынды иеленсе, 10-сынып оқушысы Меделхан Айару «Үздік спикер» номинациясымен марапатталды. Облыс әкімінің Кубогіне арналған «Ұлы даланың рухани тұғыры – Тәуелсіздік» атты облыстық пікірсайыс турниріне қатысқаны үшін «Қазы-қарта» фракциясы алғыс хатпен марапатталды. Аудандық «Ақындар адалдықты жырлайды» байқауында «Өлең шығару» номинациясы бойынша 7-сынып оқушысы Жақсымбай Әлихан 3-орынды; аудандық «Абай оқулары» байқауында да 3-орынды иеленді. Б.Момышұлының 90 жылдық мерейтойына орай өткізілген байқаудың аудандық кезеңінде TEDx форматында «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткен!» номинациясы бойынша 7-сынып оқушысы Марлэнқызы Дана 3-орынға ие болды.

Похожие публикации:

06 февраль 2021 Аудандық семинар
22 февраль 2019 Мектеп әкімшілігі