Түлекпен кездесу » СШ №1 им. Конаева
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 4-87-23
Есепші бөлімі:
+7(72636) 4-87-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Түлекпен кездесу
22
ноябрь
2021

Түлекпен кездесу

25 қараша 2021 жылы #1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, “ Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “Жомарт түлек-2021” атты кездесу ұйымдастырылды. 
Мақсаты: Елімізге белгілі түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету;
Мектебіміздің жасөспірім оқушыларымен пікірлесіп,сұхбаттасу,болашақта мамандық таңдауға жол сілтеу,себепкер болу.
Кездесу барысында:Мектеп директоры Саргаскаева Суджата Саятовна келген қонақтарымызды Бильдебаев Мурат Ынтыевич,Солодовников Геннадий Андреевичті қарсы алып,жаңа заман талабына сай  мектебіміздің жетістіктерін көрсетті.Мәжіліс залында мектебіміздің аудандық,облыстық,республикалық,халықаралық байқаулар жеңімпаздары “Шаттық” вокал тобы “Туған жер,Отан!” әнімен қарсы алды.”Ауылым-алтын бесігім” атты аудандық,облыстық байқаудың бас жүлде иегері 8”Б” сынып оқушысы Қуандық Нұрайдың бейнеролигі көрсетілді.Оқушыларымыз  келген қонақтарға сұрақтарын қойып,ұтымды жауап алды.Кездесу соңында "Біздің қадірлі қонақтарымыз" кітапшасына ізгі тілектерін жазып,қол таңбаларын қойды.Мектеп директоры Саргаскаева Суджата Саятовна қонақтарға "Тәуелсіздіктің мақтаныштары" деген төсбелгі тағып, алғыс хатпен марапаттап,кітап табыстады.