Директордың есебі » СШ №1 им. Конаева
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 4-87-23
Есепші бөлімі:
+7(72636) 4-87-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Директордың есебі
12
апрель
2023

Директордың есебі



«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқамасы Қордай ауданының білім бөлімінің №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы»












2023 жылындағы


Қамқоршылық кеңесінің алдындағы

 2022-2023 оқу жылына арналған мектеп директорының есебі.







Мектеп директоры C.С.Саргаскаева

















Қордай ауылы



Ұжымдық шарт Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес  білім беру ұйымдары қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін  қорғау   мен қызметкерлер үшін қосымша әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және кәсіби кепілдіктер, жеңілдіктер мен артықшылықтар, сондай-ақ заңдармен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен, әлеуметтік әріптестік туралы бас келісіммен, салалық тарифтік, аймақтық келісімдермен белгіленгеннен де оңтайлы еңбек жағдайларын жасауды көздейтін жұмыс беруші мен жұмысшылардың өзара міндеттемелерін анықтау мақсатында жасалған. 

Мектепте 156 қызметкер бар: 129 мұғалім, 27 техникалық қызметкер, декретте отырғандардың саны 8 оның ішінде 6 мұғалім, 2 техникалық қызметкер. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мектепте еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссия құрылған. Комиссия құрамы теңқұқылы бастамада әр тараптан сандық құрамы тең өкілдерден құрылады. Білім беру ұйымдары мен қызметкерлер арасында туындайтын барлық санаттағы жеке еңбек даулары,  еңбек дауының кез-келген тарапының өтініші бойынша, ҚР Еңбек кодексімен көзделген тәртіппен қаралады. 

Бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетімен мектептің әкімшілігі тығыз байланыста жұмыс жасауда, барлық мектеп бойынша актілері  келісе отырып қабылданады:  

1) ішкі еңбек тәртіп ережесі;

2) оқу сабақтарының кестесі;

3) жұмыс кестелері;

4) демалыс кестелері;

5) педагог қызметкерлердің оқу жүктемесі;

6) аттестацияның сұрақтары;

7) біліктілік санатын көтеру туралы шешімдері; 

8) еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулықтары. 

Бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін ескере отырып қабылданатын актілер:

1) Еңбек жағдайларының өзгеруі туралы бұйрықтар;

2) жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарттарын бұзу туралы бұйрықтар;

  1. жұмысшыларға мереке және демалыс күндерді хабарлау туралы бұйрықтар;

4)штаттық кестенің қысқаруы мен өзгеруі туралы бұйрықтар;

5)көтермелеу, марапаттау және тәртіптік шаралар туралы бұйрықтар;

 Еңбек шартының мазмұны, оны жасау, өзгерту мен бұзу тәртібі ҚР Еңбек кодексіне сай жасалынады.

Жұмыс беруші мен  зейнет жасына жеткен қызметкер арасында еңбек қатынастарын жалғастыру туралы өзара келісім болған жағдайда, жұмыс берушілер қолданыстағы еңбек шартын оқу жылы аяқталғаннан кейін бұзып, оны жыл сайын қайта жасауға құқылы.

 Мектепте жұмыспен қамту орталығына, enbek.kz сайтына және әлеуметтік желілерге мекемедегі  бос лауазымдар туралы мәлімет беріп, қызметкерлерге сұраныс жібереледі. 

Еңбек шартында ҚР ЕК 28 бабымен көзделген ерекше еңбек жағдайлары,  оның ішінде оқу жүктемесінің көлемі, жұмыс уақытының режимі мен ұзақтылығы, еңбек ақының мөлшері, жеңілдіктер мен өтемақылар және өзгелер көрсетіледі.

Еңбек шартындағы жағдайлар тек тараптардың келісімі бойынша және жазбаша түрде ғана, ҚР Еңбек Кодексімен белгіленген тәртіппен өзгертілуі мүмкін.

Педагогикалық қызметкерлердің оқу жүктемесінің көлемі оқу жоспарындағы сағат саны, оқу бағдарламалары, кадрмен қамтылу, мекемедегі өзге де нақты жағдайларға сәйкес кәсіподақ комитетінің пікірін ескере отырып белгіленеді. 

2022-2023 оқу жылында жұмыс істеп жүрген 129 мұғалімдердің жүктемелері: 43 мұғалімде  -   16-20 апталық сағат, 71 мұғалімде   -   21-24 апталық сағат , 3 мұғалімде  –  24 сағаттан жоғары, 7 әкімшілік мүшелерінде – 8 апталық сағат және 4 мұғалімде (психологтар мен қосымша білім беру қызметкерлерінде) – 8 апталық сағат   жүктемелері бар. 16 сағаттан төмен алып отырған 1 маман.

Мектептің әкімшілік мүшелері өздерінің мамандығы бойынша 0,5 бірлік жүктемесімен сағат алып жұмыс жасайды. Осы аталған қосымша педагогикалық жүктеме мұғалімдер оқу жүктемесімен, еңбек ақы жүктемесінен кем емес мөлшерде қамтылған жағдайда ғана беріледі.

Педагогикалық қызметкердің оқу жүктемесінің мөлшері еңбек шартында белгіленеді және тараптармен қызметкердің жазбаша келісімі бойынша ғана өзгертілуі мүмкін. Оқу жүктемесін алдын ала бөлу жаңа оқу жылындағы сыныптар, топтар мен оқу жүктемесін анықтау үшін ағымдағы  оқу жылы аяқталғанға дейін және қызметкерлер еңбек демалысына кеткенге дейін жүргізіледі. Оқу жүктемесін мұғалімдер  әдістемелік бірлестік жетекшілерімен бірге өздері келісе отырып бөліп, мекеме басшысына ұсынады. Барлық  ӘБ мұғалімдерінің, кәсіподақ төрағасының пікірі ескеріліп, бекітіледі.

Мұғалімдерге жаңа оқу жылының басында белгіленген оқу жүктемесі ағымдағы оқу жылында тек қана бір себеппен өзгерілуі мүмкін: оқушылардың саны азайған кезде, топтар жабылып, сағаттар қысқарылады.

Бала күтіміне байланысты,  үш жасқа толғанға дейінгі,  демалыста отырған мұғалімдер үшін оқу жүктемесі жалпы ережелер бойынша белгіленеді және осы кезеңге жүктемені орындау өзге мұғалімдерге беріледі. 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтардың бос немесе уақытша бос  лауазымына тағайындау  үшін арнайы   конкурс ұйымдастырып, үміткерлердің құжаттарын қарап, тағайындауға ұсынатын  комиссия құрамын бекітіп, комиссияның шешімі арқылы  мұғалімдерді қабылдау жүргізіліп жатыр.


Қызметкерлердің кәсіби даярлығы, қайта даярлау  мен біліктілігін арттыру бойынша: 2021-2022 оқу жылы педагогикалық ұжымнан 44 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Оның ішінде: пәндік құзыреттілікті арттыру курстарынан 29 педагог, жаңартылған білім мазмұны бойынша 15 педагог. 

Аттестация нәтижелері. 2022 жылы аттестаттауға қаңтар-мамыр аралығында 4 мұғалім өтініш білдірген. Барлығы педагог-модератор біліктілік санатына өтті. Тамыз-желтоқсан аралығында 16 мұғалім аттестаттаудан өтуге ниет білдірді, бірақ Қазақстан Республикасының  Оқу-ағарту министрлігінің тарапынан педагогтарды аттестаттау уақытша тоқтатылды. 2023 жылы қаңтар –мамыр аралығында 26 педагог аттестаттаудан өтуге тиісті. 

Жалпы мектеп бойынша педагог саны -129 ; оның ішінде : 

Жоғары білімі- 

Арнаулы орта білімі -5 

Техникалық және кәсіптік білім –

Сертификат арқылы –

-Жоғары санатты- 2

-бірінші санатты -3

-екінші санатты -4

-санаты жоқ - 33

 5 мұғалім педагог- шебер, мектеп мұғалімдірінің 3,7 пайызын, 34 мұғалім педагог-зерттеуші  мектеп мұғалімдерінің 25,2 пайызын, 32 мұғалім педагог-сарапшы  мектеп мұғалімдерінің 24,4 пайызын, 31 мұғалім педагог-модератор мектеп мұғалімдерінің  23,7 пайызын құрайды. Педагогтерге берілген тиісті біліктілік санаттары үшін төлемдер мен  қосымша ақылар оқу жылының 1 қыркүйегі мен 1 қаңтарынан жүргізіледі. 

     Педагогтердің білікітілігін арттыру, өз білімін көтеру, мектепішілік, аудандық, облыстық деңгейде өткізілетін әдістемелік семинарларға, тәжірибе алмасу конференцияларға, әр түрлі байқауларға қатысып, оқушылардың білім сапасына оңтайлы әсерін тигізуде. 

Білім сапасының көрінісі:

Оқу жылдары

Оқушылар саны

үздіктер

екпінділер

орташа

Білім сапасы

Үлгерімі

2021-2022

1449

130

763

391

70%

100%

Жұмыс уақыты және демалыс уақыты:

Қызметкерлердің жұмыс уақыты жұмыс берушінің бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетімен келісе отырып бекіткен мекеменің ішкі еңбек тәртібі ережелерімен, сабақ кестесімен, жылдық күнтізбелік оқу кестесімен, ауысым кестесімен, сондай-ақ еңбек шартымен, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары және оларға мекеме жарғысымен (ереже) жүктелген міндеттемелермен белгіленеді.

Басшы қызметкерлер, мекеменің әкімшілік-шаруашылық, оқыту-көмек беру және қызмет көрсету құрамының қызметкерлері үшін аптасына 40 сағаттан аспайтын мөлшерлі жұмыс уақытының ұзақтылығы белгіленеді. 

Еңбек ақы мен еңбек нормалары:

Мектептің қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамаларының негізінде жүргізіледі.  Қызметкерлерге еңбек ақы әр ай сайын, өткен айдан кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірілмей беріледі. Ай сайын айлық есептік көрсеткіш қағазы беріледі.  ҚР Президентінің дәстүрлі Жолдауындағы мұғалімдердің жалақысын 25%-ға көбейту тапсырмасына сай  мұғалімдердің жалақысы  өсу үстінде.

Біліктілік санаты үшін қосымша ақы төленеді:

- білім беру ұйымдарының педагогикалық шеберлік біліктілігі бар мұғалімдеріне, педагогтарына, педагог-психологтарына және әлеуметтік педагогтарына:

  педагог-модератор  – 30 пайыз;

  педагог-сарапшы    – 35 пайыз;

  педагог-зерттеуші  – 40 пайыз;

  педагог-шебер        – 50 пайыз.  

- білім беру ұйымдарының басшыларына және олардың орынбасарларына:

  1 санат – 100 пайыз;

  2 санат – 50 пайыз;

  3 санат – 30 пайыз.

Сонымен қатар, қосымша үстем ақы жүйесі де енгізілді. 

1.ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №160 бұйрығына   сәйкес жұмысқа жаңадан қабылданған жас мамандарға тәлімгерлер бекітіледі және оларға 17697 теңге көлемінде қосымша ақы төленеді. Биылғы жаңа оқу жылында 1  жас маманға тәлімгер бекітіліп, қосымша үстемақы алып отыр.

2.Мектептерде педогогтық қызметкерлердің сапалық әлеуетін арттыруды ынталандыру мақсатында магистр дәрежесі барларға 10 айлықтың есеп көрсеткіші көлемінде қосымша ақы қарастырылған.  Мектепте 7 мұғалім 34500 теңге көлемінде магистр дәрежесі  үшін қосымша ақы алады. 

3.Әдістемелік бірлестік жетекшілері  4424 теңге қосымша үстемақы алады.

4.Кабинет меңгерушілеріне 3539 теңге төленеді. 

5.Педагогтерге сынып жетекшілігі үшін ай сайын берілетін үстемеақы  1-4 сыныптар үшін 8849 теңге, 5-11 сыныптар үшін 10618 теңгені құрайды.



Еңбек пен денсаулықты қорғау: 

ҚР ЕК 201,203 бабына сай мектепте еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөніндегі ішкі бақылау ұйымдастырылған және еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрылған.

2022 жылында барлық мұғалімдер мектептің дамуына үлесін қосып, облыс көлеміндегі  мектептің рейтингісін көтеру үшін көптеген жұмыстарды  атқарып, әр түрлі байқауларға белсене қатыстып, оқушылар арасында:

Халықаралық – 4

Республикалық – 105

Облыстық – 107

Аудандық – 368

Мұғалімдер арасында:

Халықаралық - 1

Республикалық – 3

Облыстық – 78

Аудандық - 118

 жүлделі орындарға ие болды. Облыс қорытындысы  бойынша 3 жыл қатарынан жоғары нәтиже көрсетіп, инновациялық режимдегі мектеп атағына ие болып, инновация режимінде қайта жұмысын жалғастыруда. 

Оқушыларға  білім беріп  қана қоймай,   «Мектеп, бала, ата-ана болып, үштік одақ   ретінде  бала тәрбиесіне аса  көп көңіл бөлінеді. Ата-аналармен біріккен жұмыстар жүргізілуі тоқтаған емес. «Мектеп, оқушы  және ата-ана» қоғам ынтымақтастығы  құрылып, өзара  тығыз байланыста жұмыс жасалып, ата - аналармен серіктестік жылдар бойы жалғастырылуда.

Тәрбие жоспарындағы  8 бағыт бойынша, рухани-адамгершілік, патриоттық, мәдени, эстетикалық және экологиялық  тәрбиені жүзеге асыру мақсатында көптеген тәрбиелік іс-шаралар өткізілуде. Құқықтық тәрбие бағыты бойынша оқушылармен жұмысты күшейту қолға алынған. Қазіргі таңда мектепішілік есепте 2 оқушы бар.  Аудандық кәмелетке толмаған инспекциясының есебінде тұрған оқушы жоқ.

Мектепте оқушыларға, қызметкерлерге жайлы жағдай жасау мақсатында материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жыл сайын жасалынады.

 Демеушілік тарапынан «Оқырман мектебі» жобаға сай кабинеттерге 6 кітап сөрелері сыйға тарту етілді. «Мектепке тағзым» науқан бойынша мектеп түлектерінің мектепке берген сыйлықтары мектептің акт залына стенд берілді. Гүлдерге арналған 4 гүл горшогі берілді. Мектептің акт залына «Абай» және «Сағат» стендтер жасалып, сыйға тартылды. 

 2022 жылдың 25 қарашасында мектептің базасында Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына орай аудандық семинар өткізіліп, тарихи тұлғаларға арналған «Қонаевтану», «Абайтану», «Ахметтану» кабинеттерінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына мектептің ата-аналары  мектеп түлектері мен мектепте жұмыс жасап жүрген түлектер мектепке тағзым жасап, мектептің мәжіліс залы сахна жұлдызшалары, «Абай» және «Сағат» стендтерін жасатып берді.  Сонымен қоса мектептің асханасына түрлі-түсті орындықтар,  мектеп маңдайшасындағы  «Бегущая строка», микрофон, светомузыка,  дарынды балалар стенді, мектептің дәліздеріне жалюзи, «Оқуға құштар мектеп» СОWORKING бұрышына журнал үстелін  тарту етті.  Жалпы 2022 жылы мектепке 1 682 000 теңге  көлемінде заттай  көмек көрсетіліп, аталған заттар мектеп есебіне қойылды.

  Семинар соңында білім бөлімінің кәсіподақ ұйымынан  мектепке түрлі-түсті принтер сыйлыққа берілді. Сыйлыққа тарту етілген принтер қазіргі таңда мектеп есебіне тіркеліп, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарна қолданысқа берілді. 

Көптеген жылдар бойы мектепте материалдық-техникалық базасында туындаған үлкен мәселе - мектептің  шатыры -  жаз айында күрделі жөндеуден өтті. Жалпы мектептің жылу қондырғылары толығымен ауыстырылды. Сонымен қоса екі спорт зал және мектептің асханасы жөндеуден өтті. 

Бір ұжымда әртүрлі жағдайлардың орын алатыны қалыпты жағдай. Мектеп қабырғасында кішігірім орын алған жағдайлар, уақтылы өз шешімін табады. Осындай жағдайлардан кейін мектеп ұжымының ахуалы тексеру мақсатында анонимді сауалнама жүргізілді.  Нәтижесінде мектеп жұмысына теріс әсер ететін жеке тұлғалардың мінез-құлқының себебі. Сонмен қоса ол мұғалімдердің жұмысының сапасының жоқтығы, ол мұғалімдер тек еңбекақыға деген қызығушылықта, үнемі әкімшіліктің жұмысын сынға алудан көрінеді. Бұл мәселені шешудің бір нұсқасы: мінез-құлық этикасы, қарым-қатынас мәдениеті, сондай-ақ жас мұғалімдерге қамқорлық жасау курстарын құру.

 Сауалнама қорытынды: жалпы, педагогикалық ұжымның психологиялық ахуалы салыстырмалы түрде қолайлы, ұжымдағы мұғалімдердің  100% - ы өздерін мектептің патриотымын деп санайды. Мұғалімдер мектептегі еңбек жағдайларына, әріптестер арасындағы педагогикалық қолдауға риза. Алайда, өкінішке орай  сауалнамаға қатысқандардың пікірінше, мектепте жалпы эмоционалды ахуалға теріс әсер ететін мұғалімдер де бар. 

    2023 жылының қорытындысы бойынша келісу комиссияға мұғалімдердің тарапынан   өтініш түскен жоқ. Осыған байланысты: ұжымда дау немесе түсініспеушілік орын алған   жоқ,   коллаборативтік және психологиялық ахуал жақсы деңгейде.

Жалпы мектеп-гимназиясының ұжымы бекітілген жоспар бойынша, мақсатқа жету барысында жұмыла әрі белсенді жұмыс жасау арқасында жемісті нәтиже көрсетіп, жұмысын жалғастыруда.





Похожие публикации:

04 январь 2023 Бос жұмыс орны
29 март 2022 байқау
16 ноябрь 2020 Балалар өкілдігі