Бос жұмыс орны » СШ №1 им. Конаева
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 4-87-23
Есепші бөлімі:
+7(72636) 4-87-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос жұмыс орны
04
январь
2023

Бос жұмыс орны

БОС ЖҰМЫС ОРНЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ!
Байқау уақыты:04.01.2023 – 10.01.2023 жыл аралығында
1.Білім беру ұйымының атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп- гимназиясы
2. Мекен-жайы: Қордай ауылы, Волкова 1 көшесі
3. Пошталық мекен-жайы: 080400
4. Байланыс телефоны: жұмыс: +7 (72636) 4-23-87, ұялы телефон: 87756714525
5.Электрондық пошта:E-mail: mg1bilim@mail.kz
6. Қажетті маман: Ағылшын тілі  пәні мұғалімі.
1. Ағылшын тілі  пәні  мұғалімінің негізгі лауазымдық міндеттері:
Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, 
      білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.
       Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады. 
       Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды. 
       Электронды журналдарды толтырады.           Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді.
      Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.
       Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады. 
       Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді. 
      Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.
       Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды. 
       Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді. 
       Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады. 
       Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды. 
       Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. 
      Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді. 
      Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
       2. Білуге міндетті: 
       Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспектикваларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, 
       педагогика мен психологияны, 
       пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін, 
       оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды, 
      еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.
      3. Біліктілікке қойылатын талаптар:
      тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс.
      Және (немесе) бар болған жағдайда біл…

Похожие публикации:

04 январь 2023 Бос жұмыс орны
17 январь 2022 Байқау