Мектеп директорының есебі » СШ №1 им. Конаева
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 4-87-23
Есепші бөлімі:
+7(72636) 4-87-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп директорының есебі
02
февраль
2022

Мектеп директорының есебі

№1Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры Саргаскаева Суджата Саятқызының 2021 жылындағы ұжымдық шарттың орындалу туралы есебі


Ұжымдық шарт  Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес  білім беру ұйымдары қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін  қорғау   мен қызметкерлер үшін қосымша әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және кәсіби кепілдіктер, жеңілдіктер мен артықшылықтар, сондай-ақ заңдармен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен, әлеуметтік әріптестік туралы бас келісіммен, салалық тарифтік, аймақтық келісімдермен белгіленгеннен де оңтайлы еңбек жағдайларын жасауды көздейтін жұмыс беруші мен жұмысшылардың өзара міндеттемелерін анықтау мақсатында жасалған. 

Мектепте 162 қызметкер бар: 135мұғалім, 27 техникалық қызметкер, декретте отырғандардың саны 17, оның ішінде 13мұғалім, 4 техникалық қызметкер.

 Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мектепте еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссия құрылған. Комиссия құрамы теңқұқылы бастамада әр тараптан сандық құрамы тең өкілдерден құрылады. Білім беру ұйымдары мен қызметкерлер арасында туындайтын барлық санаттағы жеке еңбек даулары,  еңбек дауының кез-келген тарапының өтініші бойынша, ҚР Еңбек кодексімен көзделген тәртіппен қаралады. 

2021 жылының қорытындысы бойынша келісу комиссияға мұғалімдердің тарапынан өтініш түскен жоқ. Осыған байланысты айтып кетсек болады: ұжымда дау немесе түсініспеушілік орын алған жоқ, коллаборативтік және психологиялық ахуал жақсы деңгейде.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетімен мектептің әкімшілігі тығыс байланыста жұмыс жасауда, барлықмектеп бойынша актілері  келісе отырып қабылданады:  

1) ішкі еңбек тәртіп ережесі;

2) оқу сабақтарының кестесі;

3) жұмыс кестелері;

4) демалыс кестелері;

5) педагогикалық қызметкерлердің оқу жүктемесі;

6) аттестациянің сұрақтары;

7) біліктілік санатын көтеру туралы шешімдері; 

8) еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулықтары. 

Бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін ескере отырып қабылданатын актілер:

1) Еңбек жағдайларының өзгеруі туралы  бұйрықтар;

2) жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарттарын бұзу туралы бұйрықтар;

3)     жұмысшыларға мереке және демалыс күндерді хабарлау туралы бұйрықтар;

4)штаттық кестенің қысқаруы мен өзгеруі туралы бұйрықтар;

5)көтермелеу, марапаттау және тәртіптік шаралар туралы бұйрықтар;





 Еңбек шартының мазмұны, оны жасау, өзгерту мен бұзу тәртібі ҚР Еңбек кодексіне сай жасалынады.

Жұмыс беруші мен  зейнет жасына жеткен қызметкер арасында еңбек қатынастарын жалғастыру туралы өзара келісім болған жағдайда, жұмысберушілер қолданыстағы еңбек шартын оқу жылы аяқталғаннан кейін бұзып, оны жыл сайын қайта жасауға құқылы.

 Мектепте жұмыспен қамту орталығына, enbek.kz сайтына және әлеуметтік желілерге мекемедегі   бос лауазымдар туралы мәлімет беріп, қызметкерлерге сұраныс жібереледі. 

Мысал келтіретін болсақ  жұмыспен қамту орталығынан сұраныс бойынша маман келмеген жағдайда, оқу барысын ұйымдастыру мақсатында  зейнеткер ұстазбен орыс сыныптарында география пәні мұғалімімен  еңбек келісім шарты жасалынды.

Еңбек шартында ҚР ЕК 28 бабымен көзделген ерекше еңбек жағдайлары,   оның ішінде оқу жүктемесінің көлемі, жұмыс уақытының режимі мен ұзақтылығы, еңбек ақының мөлшері, жеңілдіктер мен өтемақылар және өзгелер көрсетіледі.

Еңбек шартындағы жағдайлар тек тараптардың келісімі бойынша және жазбаша түрде ғана, ҚР Еңбек Кодексімен белгіленген тәртіппен өзгертілуі мүмкін.

Педагогикалық қызметкерлердің оқу жүктемесінің көлемі оқу жоспарындағы сағат саны, оқу бағдарламалары, кадрмен қамтылу, мекемедегі өзге де нақты жағдайларға сәйкес кәсіподақ комитетінің пікірін ескере отырып белгіленеді. 

2021-2022 оқу жылында жұмыс істеп жүрген 135 мұғалімдердің жүктемелері:16 мұғалімде  -  16-20 апталық сағат,81 мұғалімде  -    21-24 апталық сағат , 25 мұғалімде   –  24 сағаттан жоғары, 8 әкімшілік мүшелерінде – 8 апталық сағат   жүктемелері бар. 16 сағаттан төмен алып отырған мамандар жоқ.

Мектептің әкімшілік мүшелері өздерінің мамандығы бойынша 0,5 бірлік жүктемесімен сағат алып жұмыс жасайды. Осы аталған қосымша педагогикалық жүктеме мұғалімдер оқу жүктемесімен, еңбек ақы жүктемесінен кем емес мөлшерде қамтылған жағдайда ғана беріледі.

Педагогикалық қызметкердің оқу жүктемесінің мөлшері еңбек шартында белгіленеді және тараптармен қызметкердің жазбаша келісімі бойынша ғана өзгертілуі мүмкін. Оқу жүктемесін алдын ала бөлу жаңа оқу жылындағы сыныптар, топтар мен оқу жүктемесін анықтау үшін ағымдағы  оқу жылы аяқталғанға дейін және қызметкерлер еңбек демалысына кеткенге дейін жүргізіледі. Оқу жүктемесін мұғалімдер   әдістемелік бірлестік жетекшілерімен бірге өздері келісе отырып бөліп, мекеме басшысына ұсынады. Барлық  ӘБ мұғалімдерінің, кәсіподақ төрағасының пікірі ескеріліп, бекітіледі.






Мұғалімдерге жаңа оқу жылының басында белгіленген оқу жүктемесі ағымдағы оқу жылында тек қана бір себеппен өзгерілуі мүмкін: оқушылардың саны азайған кезде, топтар жабылып, сағаттар қысқарылады.

Бала күтіміне байланысты,  үш жасқа толғанға дейінгі,  демалыста отырған мұғалімдер үшін оқу жүктемесі жалпы ережелер бойынша белгіленеді және осы кезеңге жүктемені орындау өзге мұғалімдерге беріледі. Декреттік демалыстан шыққан кезде, өз жұмыстарына кедергісіз шығып отырады. Мысал ретінде: 2021 жылы бастауыш сыныптың мұғалімі Қошқарбаева Қ.Б., Бесхмельная И.Б., директордың орынбасары Аязбаева М.С. декреттік демалыстан шығып, өз жұмысын орнында жалғастырды.

Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрінің2020 жылғы 21 ақпандағы№ 57 бұйрығына сәйкесМемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтардың бос немесе уақытша бос  лауазымына тағайындау  үшін арнайы   конкурс ұйымдастырып, үміткерлердің құжаттарын қарап, тағайындауға ұсынатын  комиссия құрамын бекітіп, комиссияның шешімі арқылы  мұғалімдерді қабылдау жүргізіліп жатыр. Бұл қызметкерлердің бос лауазымға жұмысқа орналасуының әділ, ашық өтіуін қамтамасыз етеді.Мектепте конкурстың шешімі негізінде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі Құбыр Мадина Санатқызы қабылданды.

Қызметкерлердің кәсіби даярлығы, қайта даярлау  мен біліктілігін арттыру бойынша:

2021 жылы педагогикалық ұжымнан 26 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Оның ішінде: пәндік құзыреттілікті арттыру курстарынан 9 педагог, жаңартылған білім мазмұны бойынша 17 педагог. 

Аттестация нәтижелері. 2021 жылы аттестаттауға 36 мұғалім өтініш білдірген. 30 мұғалім аттестаттаудан өтіп , біліктілік санаттарын көтерді. Педагог-мастер біліктілік санатына 5, педагог-зерттеуші біліктілік санатына 2 мұғалім, педагог-сарапшы біліктілік санатына 7 мұғалім, педагог-модератор біліктілік санатына 16 мұғалім. 

Жалпы мектеп бойынша 5 мұғалім педагог- шебер, мектеп мұғалімдірінің 3,7 пайызын, 34 мұғалім педагог-зерттеуші   мектеп мұғалімдерінің 25,3 пайызын, 33 мұғалім педагог-сарапшы  мектеп мұғалімдерінің 24,6 пайызын, 28 мұғалім педагог-модератор мектеп мұғалімдерінің   20,8 пайызын құрайды.Педагогтерге берілген тиісті біліктілік санаттары үшін төлемдер мен   қосымша ақылар оқу жылының 1 қыркүйегі мен 1 қаңтарынан жүргізіледі.

Педагогтердің білікітілігін арттыру, өз білімін көтеру, мектепішілік, аудандық, облыстық деңгейде өткізілетін әдістемелік семинарларға, тәжірибе алмасу конференцияларға, әр түрлі байқауларға қатысып, оқушылардың білім сапасына оңтайлы әсерін тигізуде. 

Білім сапасының көрінісі:

Оқу жылдары

Оқушылар саны

үздіктер

екпінділер

орташа

Білім сапасы

Үлгерімі

2020-2021

1425

149

757

368

71%

100%


Жұмыс  уақыты және демалыс уақыты

 Қызметкерлердің жұмыс уақыты жұмыс берушінің бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетімен келісе отырып бекіткен мекеменің ішкі еңбек тәртібі Ережелерімен, сабақ кестесімен, жылдық күнтізбелік оқу кестесімен, ауысым кестесімен, сондай-ақ еңбек шартымен, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары және оларға мекеме Жарғысымен (Ереже) жүктелген міндеттемелермен белгіленеді.   

Басшы қызметкерлер, мекеменің әкімшілік-шаруашылық, оқыту-көмек беру және қызмет көрсету құрамының қызметкерлері үшін аптасына 40 сағаттан аспайтын мөлшерлі жұмыс уақытының ұзақтылығы белгіленеді. 

Еңбек ақы мен еңбек нормалары:

Мектептің қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамаларының негізінде жүргізіледі.   Қызметкерлерге еңбек ақы әр ай сайын, өткен айдан кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірілмей беріледі.  ҚР Президентінің дәстүрлі Жолдауындағы мұғалімдердің жалақысын 25%-ға көбейту тапсырмасына сай  мұғалімдердің жалақысы  өсу үстінде.

Біліктілік санаты үшін қосымша ақы төленеді:

- білім беру ұйымдарының педагогикалық шеберлік біліктілігі бар мұғалімдеріне, педагогтарына, педагог-психологтарына және әлеуметтік педагогтарына:

   педагог-модератор  – 30 пайыз;

   педагог-сарапшы    – 35 пайыз;

   педагог-зерттеуші  – 40 пайыз;

   педагог-шебер        – 50 пайыз.  

- білім беру ұйымдарының басшыларына және олардың орынбасарларына:

  1 санат – 100 пайыз;

  2 санат – 50 пайыз;

  3 санат – 30 пайыз.

Мектебімізде директор мен 3 орынбасары 2 санатқа өтіп отыр.

Сонымен қатар, қосымша үстем ақы жүйесі де енгізілді. 

1.ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №160 бұйрығына  сәйкес жұмысқа жаңадан қабылданған жас мамандарға тәлімгерлер бекітіледі және оларға 17697 теңге көлемінде қосымша ақы төленеді. Биылғы жаңа оқу жылында 7  жас маманға тәлімгер бекітіліп, қосымша үстемақы алып отыр.

2.Мектептерде педогогтық қызметкерлердің сапалық әлеуетін арттыруды ынталандыру мақсатында магистр дәрежесі барларға 10 айлықтың есеп көрсеткіші көлемінде қосымша ақы қарастырылған.   Мектепте 6 мұғалім 30630 теңге көлемінде магистр дәрежесі  үшін қосымша ақы алады. 

3.Әдістемелік бірлестік жетекшілері  4424 теңге қосымша үстемақы алады.

4.Кабинет меңгерушілеріне 3539 теңге төленеді. 

5.Педагогтерге сынып жетекшілігі үшін ай сайын берілетін үстемеақы  1-4 сыныптар үшін 8849 теңге, 5-11 сыныптар үшін 10618 теңгені құрайды.

6. Жаратылыстану-математикалық циклдың пәндерін ағылшын тілінде оқытатын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне базалық лауазымдық айлыққа 100 пайыз қосылады. Сонда 17697 теңге шығады. Мектепте биология пәні мұғалімі   Белахмет Б.С. және физика пәні мұғалімі Кәліпан Ф.С.  11Б орыс гимназия сыныбында  1 апталық сағат үйірмені ағылшын тілінде береді және осыған қосымша үстемақы алады. 

Және гимназиялық сыныптарда сабақ беретін мұғалімдерге 20% қосымша жалақыларына  төленеді.

Еңбек пен денсаулықты қорғау: 

ҚР ЕК 201,203 бабына сай мектепте еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөніндегі ішкі бақылау ұйымдастырылған және Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрылған.

2021 жылында карантин шаралары мен қашықтықтан оқытуға қарамастан, барлық мұғалімдер мектептің дамуына үлесін қосып, облыскөлеміндегі  мектептің рейтингісін көтеру үшін көптеген жұмыстарды  атқарып, әр түрлі байқауларға белсене қатыстып,

Оқушылар арасында:

Халықаралық – 906

Республикалық – 2312

Облыстық – 187

Аудандық – 362

Мұғалімдер арасында:

Халықаралық - 131

Республикалық – 1321

Облыстық – 96

Аудандық - 116

 жүлделі орындарға ие болды. Облыс қорытындысы  бойынша 3 жыл қатарынан жоғары нәтиже көрсетіп, инновациялық режимдегі мектеп атағына ие болып,инновация режимінде қайта жұмысын жалғастыруда. 

Оқушыларға  білім беріп   қана қоймай,  «Мектеп, бала, ата-ана болып, үштік одақ  ретінде  бала тәрбиесіне аса  көп көңіл бөлінеді. Ата-аналармен біріккен  жұмыстар жүргізілуі тоқтаған емес. «Мектеп, оқушы  және ата-ана» қоғам ынтымақтастығы құрылып, өзара  тығыз байланыста жұмыс жасалып, ата - аналармен серіктестікжылдар бойы жалғастырылуда.

Жоспардағы  8 бағыт бойынша, рухани-адамгершілік, патриоттық, мәдени, эстетикалық және экологиялық  тәрбиені жүзеге асыру мақсатында көптеген тәрбиелік іс-шаралар өткізілуде.Құқықтық тәрбие бағыты бойынша оқушылармен жұмысты  күшейту керек. Мектепішілік есепте 2 оқушы бар.  Аудандық кәмелетке толмаған инспекциясының есебінде тұрған оқушы жоқ. 

Мектепте оқушыларға, қызметкерлерге жайлы жағдай жасау мақсатындаматериалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жыл сайын жасалынады. 2021 жылы бюджеттен 3 жаңа модификациядағы кабинет, 3 интерактивті панель, санитарлық нормаларды сақтайтын құралдар, спортзалдардың және актзалдың шатырына  қаражат берілді.  Демеушілік тарапынан «Оқырман мектебі» жобаға сай мектептекітап сөрелері мен ақпараттық стендтер жасалды.

Көптеген жылдар бойы мектептематериалдық-техникалық базасында туындаған үлкен мәселе- мектептің шатыры-  жаз айында күрделі жөндеуден білім бөлімінің көмегімен шешіліп өтетінін күтүдеміз.

 Жалпы №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының ұжымы бекітілген жоспар бойынша, мақсатқа жету барысында бір үлкен топ іспетті, жұмыла әрі белсенді жұмыс жасау арқасында жемісті нәтиже көрсетіп, жұмысын жалғастыруда.

         Мектеп директоры:  Саргаскаева С.С.

Похожие публикации:

17 январь 2022 Байқау
17 декабрь 2020 Құрмет грамотасы
16 ноябрь 2020 Балалар өкілдігі