14
февраль
2024
Салауатты өмір салтын сақтану жайында
№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп гимназиясында, 10-11 оқушылары арасында “Жастар мен жасөспірімдер арасында шылым шегудің, нашақорлықтың, қылмыстың алдын алу” тақырыбында кездесу іс-шарасы өткізілді. Дінтанушы Ғалымжан Сайлаұлы тақырыптың маңыздылығына кеңінен тоқталып, зиянды әдеттерге әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр дертке шалдықтыратынын, және зардаптары жайында да түсіндірді.
