Жыныстық адамгершілік тәрбие » СШ №1 им. Конаева
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 4-87-23
Есепші бөлімі:
+7(72636) 4-87-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жыныстық адамгершілік тәрбие
17
ноябрь
2020

Жыныстық адамгершілік тәрбие

16.10.2020 жылы №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Серкебаева және мектеп психологі А.Керимкулова 7-11 қазақ сыныбы қыздарымен «Арыңды сақта бойжеткен» және ерте жүктіліктің алдын алу бойынша "Әдеп пен ар-ұят қыздың көркі" тақырыбында  «Қыз Жібек» клубының отырысын өткізді. Кездесу қашықтықтан онлайн форматта «ZOOM» конференциясы арқылы жүргізілді.  Кездесудің басты мақсаты; жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу, қыздарға тән қасиеттерді түсіндіре отырып, әдептілік ұғымдарын жүректеріне ұялату, бойларына сіңіру; ар-намысын жоғары ұстай білуге, рухани тазалығымен ерекшелене білуге үйрету .

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Серкебаева  өз сөзінде қыздардың арын сақтау, әдептілік нормалар туралы, сонымен қатар жасөспірім қыздардың өз өмірлерін дұрыс жоспарлау туралы мәліметтер беріп өтті.  Аудандық аурухананың гинеколог-дәрәгері Ш.Кадыржанова ерте жыныстық қатынасқа түсудің зардаптары туралы репродуктивті денсаулық жайында айтып өтті. Мектеп психологі А.Керимкулова  қыз баланың жеке тұлға болып қалыптасу үшін ұлттық тәрбиенің маңыздылығын, жасөспірім шақтағы психологиялық ерекшеліктері туралы ақпарат беріп, бірнеше психолгиялық кеңестер берілді.

Похожие публикации:

06 февраль 2021 Аудандық семинар
13 декабрь 2019 Ашық тәрбие сағаты
22 февраль 2019 Мектеп әкімшілігі