Біз туралы » Страница 6 » СШ №1 им. Конаева
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 4-87-23
Есепші бөлімі:
+7(72636) 4-87-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Тілектер шыршасы" атты қайырымдылық акциясы
29
декабрь
2022
"Тілектер шыршасы" атты қайырымдылық акциясы
Жаңа жыл  - балалардың жыл бойы асыға күтетін басты мерекесі. Балаларды шаттыққа бөлеп, ғажайып әлемге жетелейтін , бұл күн жылдағы дәстүрге сай №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында   "Тілектер шыршасы" қайырымдылық акциясы биыл да аталып өтті. Арнайы ұйымдастырылған қайырымдылық акцияда  45 оқушының Аяз атаға жазған тілек армандары орындалды. Қамтылған оқушылар  үйден оқытылатын және мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған отбасы балалары қамтылды. 
Жас мамандарға семинар
31
октябрь
2022
Жас мамандарға семинар
Жас мамандарға арналған Жас педагогтердің кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігін қалыптастыру-әдістемелік жұмысты  ұйымдастырудың  басты шарты атты тақырыбы аясында  оқыту семинары өткізілді.  Семинар барысында жас мамандар барынша белсенділік танытты.  Оқыту семинарын бастауыш сынып мұғалімдері Г. Мұсабаева,  Е. Солодовникова және география пәнінің мұғалімі М. Нызамадинова жүргізді.
Парасатты отбасы
17
октябрь
2022
Парасатты отбасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдылық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту мақсатында ұйымдастырылған аудандық байқауда №1Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының ата-ана қауымы Нургалиевтер отбасы  III жүлделі
Спорт марапаты
14
октябрь
2022
Спорт марапаты
№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Баисов Сабит, Естемесов Исламбек, Кетеркеев Амантай ОБЛЫСТЫҚ "МҰҒАЛІМДЕР СПАРТАКИАДАСЫНДА іріктеу кезеңінде кіші футбол спорт түрінен III орын иеленді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Менің отбасымның құндылықтары мен дәстүрлері
13
сентябрь
2022
Менің отбасымның құндылықтары мен дәстүрлері
Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата – анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру мақсатында мектеп-гимназиясында 2-11 сыныптар арасында ОТБАСЫ күнне орай   "Менің отбасымның құндылықтары мен дәстүрлері" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Жалпы диктант
06
сентябрь
2022
Жалпы диктант
Қазақтың көрнекті ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы,  қоғам қайраткері –  Ахмет Байтұрсынұлы 150 жылдық мерейтойына арналған "Ахмет Байтұрсынұлы-дәуірдің дара тұлғасы" атты жалпықазақстандық ашық диктантқа №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары мен мұғалімдері қатысты.