06
февраль
2025
Біртұтас тәрбие
2025 жылдың 6 ақпан күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығының негізінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» түсіндіру, тәжірибеге енгізу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектепгимназиясының базасында «Заң мен тәртіп әділеттіліктің басты шарты» тақырыбында аудан мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған аудандық семинарпрактикум өтті. Семинар-практикумға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілерінен 21 маман қатысты.




