04
март
2024
Кәсіби бағдар бойынша Қордай ауданының Мәдениет үйінде, “Тараз қаласының Дулати атындағы университеті” ұйымдастырған іс-шарасы
Кәсіби бағдар бойынша Қордай ауданының Мәдениет үйінде, “Тараз қаласының Дулати атындағы университеті” ұйымдастырған іс-шара өтті. Іс-шараға 10 сынып оқушылары қатыстырылды. Университет жайында ақпараттар беріліп, видеоматериалдар көрсетілді. Университет ұсынған студенттерге арналған түрлі мүмкіндіктер, оқудың ерекшеліктері, жаңа бағдарламалар, шет елде оқып, практика өту, т.б. айтылды. Түрлі ойындар ойнатылып, психологолиялық жаттығу жасалды. Университет өкілдері белсене жауап берген оқушыларға сыйлықтар таратты. Оқушыларға іс-шара барысында кітапшалар таратылды. Университеттің белсенді студенттері өнер көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті.
