26
декабрь
2023
2023 жылдың қортындысы
2023 жылында өткізілген іс-шаралар және ұстаздар мен оқушылардың жетістіктерінің қорытындысы. «Жаратылыстану пәндері сабақтарында олқылықтарды жоюдың тиімді жолдары» және «Лингвистикалық пәндерде оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы білім сапасын көтерудің тиімді жолдары», «Халықаралық ана тілі күні», «Сабақты зерттеу тәсілін білім беру ұйымдарына енгізудің тиімді жолдары», тақырыптарында бірнеше мектепішілік «Ауыл мектебінің қазіргі жағдайы мәселелері мен шешу жолдары» атты халықаралық конференциясында «Азаматтық қоғам мен білім беру ұйымының өзара іс-қимыл мәселелері» тақырыбында А.Амангельдиева, «Мектептегі медиация –заман талабы» тақырыбында облыстық семинарда мектеп әкімшілігі мүшелері өз тәжірибесімен жоғары деңгейде бөлісті. Жетекші мектеп пен серіктес мектептің жылдық жоспарына сәйкес «Білім алушылардың жетістіктерін бағалау – сапалы білім негізі», «Білім сапасын арттыру жолындағы тәрбие жұмысының және оқушы үнінің маңыздылығы», «Lesson study – сабақты зерттеу, зерделеу,білімді жетілдіруге бағытталған педагогикалық тәсіл», «Пәнді оқыту кезіндегі геймификация маңыздылығы» атты тақырыптарда аудандық семинарлар өткізілді. Мұғлімдер арасында авторлық бағдарламалардың бесеуі облыстан жүлделі орынға ие болып, республикалық кезеңнен А.Керимкулова ІІІ-орын алды.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша сынып жетекшілер мен пән мұғалімдерге семинар-коучингтер өткізілді.
Ата-аналарды қолдау орталығы кабинеті ашылып, ата-аналармен семинар-коучингтер өткізілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мектепке тағзым» түлекпен кездесу өткізілді. Сабақтан тыс іс-шаралар әртүрлі нысандармен, міндеттермен, жоспарланған әрекеттердің жүйелі сипатымен жүргізілді.
Жыл бойы ұстаздар да, оқушылар да облыстық, республикалық, халықаралық байқаулар мен олимпиадаларға қатысты. Облыстық деңгейдегі байқаулардың жеңімпаздар саны 48 жүлделі орынға ие болды.