25
май
2021
Мектеп директорының есебі.
№ 1 Дімұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының атқарылған жұмыстарының есебі.
1.«Оқуға құштар мектеп» жобасын және атаулы күндерге іс-шаралар ұйымдастыру.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша жоспар негізінде жұмыс ұйымдастырылды.
«Ең үздік кітапхана» шеруі» бағытында2020-2021 оқу жылындамектеп кітапхана қоры толықтырылды, кітапхананың оқу залына 12 нетбук және электронды оқулықтар, мектеп дәлізінде «Оқуға құштар мектеп» жобасына арналған бұрыш, түрлі үлгідегі оқырмандардың өз қиялдарынан туған кітапшалар мен кітап мұқабаларын қабырға стенді безендіріліп ілінді.
«Алтын қазына» бағдарламасы аясында «Сыйлыққа кітап» атты жоба жұмысын үштік одақтың бірігіп атсалысуында, ата-ана Абай Нухитович Кенжебаев Қасым Қайсеновтың қолтаңбасы бар "Жау тылында" және Бейбіт Сапаралының "Тұңғыш Президенттің балалық шағы" атты кітаптарды және зейнеткер ұстаз Валентина Ивановна Сысоева 610 дана кітапты кітапхана қорына сыйлыққа тарту етті.
Әр бейсенбі күні үлкен үзілісте Әдеби минуттарда«Оқырман ұрпақ» атты жоба барысында оқушылардың көркем кітап оқуыдәстүрге айналған.
«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына -30 кітап» атты жобада оқушыларға 30 кітаптің тізімі беріліп, бірінші оқыған оқырман бағалы сыйлықпен марапатталды. «Буккроссинг: Бірге оқимыз!» атты жобаның аясында оқыған кітаптарыноқырмандар бір-бірімен алмасады.
«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатындамектепішілік мәнерлеп оқу байқауы,Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Тыңда, Дала, Жамбылды»,үздік буктрейлер байқауы,Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай «Жырлайды жүрек» ақынның өлеңдерінен челленджі,Ыбырай Алтынсарин 180 жылдығына,Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығына орай жас мамандар арасында эссе байқауы, т.б.атаулы күндерге іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Ең үздік кітап оқитын мектеп» атты онлайн байқауында 9-сынып оқушысы Абсалтай Альмира аудандық кезеңінің «Бас жүлде» иегері атанып, облыстық байқаудан ІІ орынмен марапатталды.
Республикалық «Оқуға құштар үздік мектеп» атты байқауына 1-11 сынып оқушылары белсене қатысып, 67 жүлделі дипломдарға ие болды.
Мектептегі жүргізіліп жатқан іс-шаралар барлығы әлеуметтік желілер парақшаларында жариялануда.
2. Оқушылардың білім алуындағы олқылықтарды жою және оларды жақсарту үшін атқарылған іс-шаралар.
2019-2020 оқу жылының аяғында мектеп бойынша оқушылардың білім сапасы 71 % құрады. 2020-2021 оқу жылының 1-тоқсанында білім сапасы 65 %, 2-тоқсанында 61,7 %, 3-тоқсанында 59 % құрады. Оқушылардың білім сапасының төмендеу себептері анықталып, педагогикалық кеңестерде талқыланды. Білім сапасының төмендеу себептері: қашықтықтан оқыту кезінде оқушылармен жеке жұмысты сапалы ұйымдастыру, қатаң бақылауды жүргізу, сабақтың сапалы, дәстүрлі түрде өткізу мүмкіндігінің жоқтығы, интернет желісіндегі кедергілер, оқушылардың жауапкершіліктерінің төмендеуі, 9,11-сыныптар офлайн режимінде оқыған кезде әлемде болып жатқан пандемияға байланысты жұқпалы респираторлық вирустық инфекция таралып, карантинге шығуыбілім сапасына әсер етті. 4-тоқсанда мемлекетімізде таралып жатқан аурудың өршуіне байланысты оқушылардың 40 % карантиндік режимге түсіп, онлайн оқытуға ауысуы да кері әсерін тигізді. Ата-аналар, оқушылар арасында сауалнама, оқу жетістіктеріне мониторинг, салыстырмалы талдау жүргізіп, анықталған олқылықтарды жою мақсатында мектепте іс-шаралар жоспарланды. Үлгерімі төмен оқушылармен қосымша сабақтар, қосымша білім беру сабақтарын бақылау, психологиялық тренинг, кеңес беру жұмыстары, сабақтарға қатысу, әдістемелік семинар, шеберлік сынып, Веб-конференция, жас мамандармен тәлімгерлік жұмыстары жүргізіліп, мектепішілік бақылау жұмысы күшейтілді.Осы жұмыстың нәтижесінде 2020-2021 оқу жылының аяғында мектеп бойынша оқушылардың білім сапасы 71 % жетті.
3. Педагогтердің кәсіби біліктіліктерін арттыру бойынша жұмыстар.
Курстан өткен педагогтер үлесі.
Біліктілікті арттыру – мұғалімнің өз қызметін нәтижелі атқару үшін және кәсіби деңгейін көтеру мақсатында арнайы оқу бағдарламалары арқылы оқыту, кәсіби даму, өз білімін көтеру болып табылады. Педагогтердің 100 % бес жылда бір рет курстан өтуі бақылауда. 95 % орта білім мазмұнын жаңарту аясында ұйымдастырылған оқыту курстарынан өтті. 85педагог (68 %) «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері» тақырыбындағыинклюзивті оқыту бағдарламасы бойынша курстарда оқып сертификатталды. «Қашықтықтан оқытуды үйренемін» атты пандемия кезінде ұйымдастырылған оқыту курсынан 100 % педагог өтті.
Педагог – кадрларды аттестаттау бойынша 2018-2021 жылдар аралығындағы есебі
Мектепте педагог-кадрларды аттестаттау Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қантардағы № 83 бұйрығы және өзгерістер енгізу №192 және № 202 бұйрықтары негізінде жүргізілді.
2018-2021 жылдары аралығында жаңа форматтағы аттестаттау бойынша 36 мұғалім педагог-зерттеуші, 29 мұғалім педагог-сарапшы, 17 мұғалім педагог-модератор, мектеп директоры, 2 директордың орынбасарлары екінші санатты біліктілік санатын алды.Педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы мұғалімдердің үлесі 60 %,жаңа формат бойынша аттестаттаудан өткен мұғалімдердің үлесі 68 %(жалпы саны 85). Педагог-кадрлардың потенциалы жоғары, 2021-2022 оқу жылы 6 мұғалім педагог-шебер біліктілік санатын алуды жоспарлап отыр.
Әлеуметтік желідегі парақшалардың жүргізілуі.
Әлеуметтік желіде мектептің арнайы жеке сайттары бар . Фейсбук, Инстаграм парақшаларында мектеп-гимназиясының атқарылып жатқан іс-шаралары, түрлі сайыстар мен байқаулар, бала тәрбиесіне қатысты мақалалар мен жариялымдар, әдістемелік семинарлар, , мектеп мақтанышына айналған оқушылардың түрлі деңгейдегі марапаттары, суреттері, бейнебаяндары лездеме түрінде салынады. Мектептің дамуына, қоғамдық жағдайына өз үлестерін қосқан, кәсіби жоғары деңгейдегі ұстаздар «Қанатты ұстаздар» парақшасында мақалалары жарияланады.
4. Жетекші мектептің жұмыстың нәтижесі
Мектеп2016 жылдан бастап жетекші мектеп болып жұмыс жасап келеді. 13 серіктес мектеппен 5 жыл бойы жұмыс жасап, серіктес мектеп болған М. Смагулов атындағы №34 орта мектеп өз алдына жетекші мектеп болды. 2019-2020 жылы облыстық «Үздік жетекші мектеп» байқауында №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы жетекші мектептердің арасында жұмысын жоғары деңгейде көрсетіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2020-2021 оқу жылындааудан тарапынан жаңадан бекітілген 9 серіктес мектеп:8,10,11,13,14,18,20,21,22. Мектеп-гимназиясының тренерлері, үлестірушілермен бірлесе отырып, осы орта мектептермен жұмыс атқарды. Жетекші мектеп ретінде құрылған қоғамдастығымыз «Құзырет» желілілік қоғамдастығы деп аталды. Мектептерге бірінші ілгері деңгейлік курстан өткен көшбасшы мұғалімдер бекітіліп, серіктес мектептерде жүргізілген семинар, конференция, түрлі ашық сабақтар, ашық есік алаңдарының жүргізілуіне толық көмек көрсетіп отырды. Оқу жылында жетекші мектеп ретінде серіктес мектептермен №1,14, 10,20,18,13 бірлесе отырып құрылған жылдық жоспарға сәйкес алтықашықтықтан семинар-практикум, дөңгелек үстел, әдістемелік семинарлар ұйымдастырылды. Әр семинар өткізген мектеп өз жұмыстарына талдау жасап, серіктес мектептер алдында есеп берді. Нәтижелі жұмыстардың жүргізілуіне байланысты аудандық, облыстық, республикалық байқауларға, веб семинарлар, тәжірибе алмасу жариялымдары, НЗМ ұйымдастырған конференциялар, пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие.
5.9,11-сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауға дайындығы.
9,11- сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау – білім алушылардың негізгі орта білім беру, жалпы орта білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім. 2020-2021 оқу жылыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125,28.08.2020 № 393, 28.04.2021 №189 бұйрықтарын басшылыққа алып, қорытынды аттестаттауға даярлық жұмыстары жоспарланды. Оқу жылының басында қорытынды аттестаттауға қатысатын оқушылардың мәлімет базасы жасалды, стендттер ресімделді. Мектепте 3 ата-аналар жиналысы, мұғалімдерге арналған 2 оқыту семинарлары өткізілді.Оқушыларды ҰБТ-ге даярлық жұмыстарында «Дарын-онлайн» платформасын сәрсенбі күндері, «Мектеп.кз» сайтында онлайн-тест айына 1 рет, тестілеу орталығында тестілеу кітапшалары арқылы тоқсанына 1 рет байқау тестерінен оқушыларды өткізіп, талдау жасалды, нәтижесі директор жанындағы кеңестерде, ата-аналар жиналыстарында талқыланды. Оқушылар қаңтар, наурыз айларында Ұлттық Біріңғай Тестілеу орталығының ұйымдастыруымен өткізілген тестілеулерге қатысты. Гимназия сыныптары бойынша орта балл 74-88 % аралығында, жалпы білім беретін сынып бойынша 53-66 % аралығында көрсетті.
Оқушыларды қорытынды аттестаттауға даярлықты сапалы жүргізу мақсатында, пән мұғалімдері айына 1 рет тестілеу жүргізіп, қатемен жұмысты қосымша сабақтарда жүргізді. 9,11-сыныптарда 3-тоқсанда жаңа форматтағы емтихан материалдары үлгісінде сынақ емтихандар өткізілді.
9-сынып оқушылары арасында 8 үздік аттестат үміткерлері мен 11-сынып оқушылары арасында 2 үздік аттестат үміткерлерімен жоспарлы түрде жұмыс ұйымдастырылды. Оқушылардың ата-аналарымен балаларының жетістіктері жайында кеңес беру жұмыстары, онлайн-тест, сынақ емтихандары жүргізілді.
Мектепте оқушыларды халықаралық зерттеулерге дайындау бойынша жоспарға сай қыркүйек айында мұғалімдерге «Халықаралық зерттеулер бойынша нормативті құжаттарды оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында онлайн режимінде конференция өткізілді. Оқушыларға арналған стенд ресімделді, халықаралық зерттеулер туралы материалдар, тапсырмалардың үлгілері көрсетілді. Мектеп бойынша халықаралық зерттеуге қатысатын оқушылардың тізімі жасалынып,мектеп психологтары тренингтер өткізіп, халықаралық зерттеулерге дайындық бойынша кеңес беріп, жұмыс жүргізіп жатыр. «TIMSS, PIRLS, PISA, ICILS- мектептегі білім беру сапасын халықаралық бақылау» тақырыбында ата-аналармен жиналыс өткізілді. Пән мұғалімдері жоспар құрып, қосымша сабақтарда, сабақ өткізу барысында оқушылардың функционалды сауаттылықтарын дамытуды іске асыруда.
6.Сенбілік мектепті ұйымдастыру.
ІV тоқсанда мемлекеттік бас дәрігердің №12 қаулысы негізінде оқушылар аралас форматта штаттық режимде пәндердің 70% мектепте ал қалған 30% қашықтықта ұйымдастырылды.
Мектепке штаттық форматқа оқуға келген оқушылардың білім деңгейін бақылау үшін үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша білім сапасына салыстырмалы мониторинг жасалды және 4 тоқсанда оқуға келген оқушылардың білім деңгейін алдын-ала қадағалау, оқуды бастауға дейін игерген білімдерін, ептілік, дағдыларының деңгейін, дəрежесін анықтау мақсатында ата-аналар мен оқушылар арасында диагностикалық сауалнама жүргізілді.
Төмен сапа көрсеткен пәндер мен сыныптарда қосымша сабақ ұйымдастыру қажеттілігі анықталып, мектебімізде «Сенбілік мектеп» жұмысы іске асырылды. Арнайы сабақ кестесі құрылып, мұғалімдер жұмыс істеуде. Оқушылардың сабаққа қатысу журналы ұйымдастырылып, әр сенбі күні бақыланып отырды.
ҚР Білім және ғылым министрінің алдыға қойған мақсаты мен міндеттерінің бірі еліміздегі пандемия кезіндегі білім беру саласындағы жіберілген олқылықтарды қалпына келтіру. Сол себепті әр педагогтің оқушыларға сапалы білім беріп, қосымша жұмыстар атқаруына жауапкершілікпен қарауы маңызды.
7. Педагогтер мен оқушылардың түрлі деңгейдегі байқаулар мен пән олимпиадаларына , іс-шараларға қамтылуы мен нәтижелері.
Мектеп ұжымы және оқушылар жыл сайын түрлі байқаулар мен сайыстарға мүмкіндігінше белсене қатысады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің құрметіне салтанатты лездемелер өткізіп, оқушыларды марапаттау дәстүрге айналды. Дипломдар мен мадақтамалардың саны еселеніп, мыңдап есептелінеді. Жоғарыда аталған көрсеткіш облыстық мектептер арасындағы рейтингте негізге алынды. 2016-2020 жылдар аралығында мектеп- гимназиясы «Инновациялық режим» атағында жұмыс істейтін мектептер қатарына кірді.
2020-2021 оқу жылында педагогтердің кәсіби шеберлік байқауларының жеңімпаздары болған педагогтер саны – халықаралық деңгейде -131, республикалық – 891, облыстық -96, аудандық- 116.Конференцияларға, семинарларға, форумдарға, көрмелерге, педагогикалық оқуларға қатысушы педагогтердің үлесі – аудан-119, облыс-81, республикалық-52, халықарлық-19.
Мектептің әдістемелік жұмысының жаңашылдығы лингвистикалық пәндер кафедрасы «Бірлігіміз жарасқан» жобасы аясында «Қоғамдық келісім» ҚММ Тараз қаласындағы этномәдени бірлестіктер ұйымымен келісім шарт жасалды. Этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалар байқауына мектеп педагогтерінің өзге ұлт өкілдеріне арналған авторлық бағдарламалары, оқушылардың ғылыми жобалары жазылып, жүлделі орындарға ие.
М.Х.Дулати атындағы Тараз аймақтық университетінің білім саласындағы менеджмент кафедрасы жанындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» мен №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп - гимназиясы арасындағы ғылыми-әдістемелік және кәсіби-педагогикалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, мұғалімдердің ғылыми жұмыстарына талдау жасалынып, сын пікіріге қол қойылуда.
Ағартушы педагог Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ:ӘЛЕМДІК РУХАНИЯТ, ЗАМАНАУИ ТРЕНДТЕР ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ» атты ІІ Халықаралық педагогикалық оқуларына«Жылдың жүз үздік жобасы-2020» атты ғылыми жұмыстар шеруіне 12 ұстазымыз өз тәжірибелерімен бөліссе, 6 мұғалім дәрежелі орындармен марапатталды. Америка құрама штаттарының Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының қолдауымен өткен FLTA (Шетел тілін оқыту бойынша көмекші құрал) бағдарламасы тақырыбында ауылдық мұғалімдерінің арасында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, жас маман Бидайбек Әсел Алғыс хатқа ие болды.
«Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ІV Республикалық этномәдени форумында «Үздік педагогикалық мақалалар» атты байкауынын жинағына «МҰҚАҒАЛИ МҰРАСЫ МЕН МАРЖАН ПОЭЗИЯСЫ-БОЛАШАҚ ҰРПАҚТЫҢ ҚАСТЕРЛІ ҚАЗЫНАСЫ» тақырыптары жарияланып 32 мұғалім І,ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Музыка пәнінің мұғалімі Қарабаева Шолпан Минетбекқызының «Шаттық» вокал тобы мен жеке орындаушы шәкірттері республикалық, халықаралық байқауларына қатысып, мектептің алтын қоржынына бір жылдың ішінде 421 мадақтаманы ұсынды.
Ағылшын тілі пәндерінің жас маман мұғалімдері Солтанай Г.Д.Абай шығармаларын қазақ, орыс, ағылшын тілінен орындаудан аудан бойынша «Хәкім Абай» атты байқауда I дәрежелі дипломмен марапатталса, Садырбаева Т.У. қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген дарынды жастар арасында ұйымдастырылған «Тілдарын-2020» облыстық олимпиада да Бас жүлдемен, бағалы сыйлықпен марапатталды. «Үздік авторлық бағдарлама» облыстық байқауыныңжеңімпазы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кенжебаева Толғанай Шерахметовна І дәрежелі дипломмен, республика деңгейінде мадақтама алды. «Білім өркениет» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы ұйымдастырған «Жылдың жүз үздік ғылыми жобасы-2020» республикалық материалдар жинағына, ғылыми жобалары енді. Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті ұйымдастырған «Үздік сабақтар жинағы» атты облыстық байқауда өзін–өзі тану мұғалімі Баймақашева Ұ.С. ІІІ орынмен марапатталды, сонымен қатар аудандық білім бөлімі кабинеті ұйымдастырған «Үздік география пәнінің мұғалімі-2021» байқауда Нызамадинова М.М бірінші орын алса, информатика пәнінің мұғалімі Сәрсен Сәния «Алтын диск» байқауында бірінші орын, бастауыш сынып мұғалімі Жұмаділ А.М. «Жаңғыру жолындағы белесім» атты жас мамандар байқауында бас жүлде алды, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Солодовникова Ю.П Республикалық «Үздік педагог» атағын беру байқауының екінші орын жүлдегері. М.Мақатаевтың 90 жылдығына қарай ұйымдастырылған «Алатаудың мұзбалағы» байқауында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ақшабаева Г.Б. 3-орын алды.
Пән мұғалімдері № 514 бұйрықтың негізінде КИО, НИО, ТИО байқауларына қатысып, 2462 жүлделі орындарғаие болып, түрлі дәрежедегі дипломдармен марапатталды.
Республикалық пән олимпиадасына 5-6, 9-11 сыныптардан 76 оқушы қатысып, 44 оқушы аудандық деңгейде жүлделі орынға ие болды, облыс көлемінде 10 оқушы жүлделі 1-3 орындармен марапаталып, Зотова Таисия республикалық кезеңдеІІІ орынға шықты. Аудандық білім бөлімнің ұйымдастыруымен 3-4 бастауыш сыныптар арасында өткен пән олимпиадасында 9 оқушы жүлделі орын алды. Жалпы пән олимпиадасында 53 оқушы жүлделі орын алып отыр.
«Экологиялық пирамида", «Абай - аудармаларының тілі», «Менің кіші Отаным» атты ғылыми жоба байқауларында аудандық, облыстық, республикалық кезеңдерде I,ІІ, III орынмен марапатталса, бастауыш сынып оқушылары аудандық ғылыми жобалар байқауында жұмыстары нәтижелі болып, 1,2,3 орындарға қол жеткізді,«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Халықаралық Аль-Фараби атындағы жаратылыстану бағытындағы математика пәні олимиадасына 13 оқушы І, ІІ дәрежелі дипломдармен, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы ұйымдастырған «Алаштың айбыны- Бауыржан Момышұлы» атты мәнерлеп оқу байқауындаІІІ орын, аудандық білім бөлімі ұйымдастырған 8-11 сынып оқушылары арасында «Абай әлемі» атты шығармашылық байқауда ІІ дәрежелі диплом, «Алатаудың мұз балағы» атты шығармашылық байқауында «Поэзия Хантәңірі» номинациясы бойынша II орынмен марапатталды.
Нәтижесінде: 2020-2021 оқу жылында түрлі байқаулардың жүлдегерлері болған оқушылар саны – халықаралық деңгейде – 906, республикалық – 2312, облыстық -187.
Қорыта келе, түрлі байқаулар мен сайыстардан жинаған мадақтамалардың саны (5100)бес мың бір жүзболып есептеленіп, көрсеткіш нәтижесінде жоғары ұпайға жетті. Педагогикалық ұжым келесі оқу жылында жұмысын дамытуға бағыттайды.
Мектеп директоры: С.Саргаскаева