26
май
2021
" Сыңғырла соңғы қоғырау"
25.05.2021ж мектеп бітіруші түлектеріне №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының алаңында ашық аспан астында санитарлық талаптарды сақтай отырып, 11 сыныптарға арналған соңғы қоңырау салтанатты жиыны болып өтті. Ал 1-10 сынып оқушылары арасында бірыңғай "Саналы ұрпақ" тақырыбында соңғы қоңырау тәрбие сағаттары сыныптарында өткізілді. Оқушылар санитарлық талаптар бойынша бетпердемен сонымен қоса әр оқушы 1,5 м әлеуметтік арақашықтықты сақтады. Салтанатты жиынға Жамбыл облысы Қордай ауданының білім бөлімінің маманы Б.Г. Садабаева қатысты. Санитарлық талап бойынша 11-ші үш параллель сыныптың 51 түлектің, әр баланың отбасынан бір ата-анасы ғана бетпердемен салтанатты жиынға кіргізілді. Оқушылардың үлкен өмірге қанаттанғалы тұрған сәттерінде "Алтын ұя" мектептің ең соңғы қоңырау биін билеу арқылы ең соңғы қоңырауларын соғып, шармен әшекейленген қоңырауды әуеге ұшырды.