17
апрель
2020
Біз біргеміз!
ҚР Президентінің Жарлығымен мемлекетімізде азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында төтенше жағдай енгізілгені бәрімізге мәлім. Қазіргі кезде біршама шектеулер қойылып, азаматтар уақытша жұмыстарын тоқтатып, оқушылар қашықтықтан оқытылып жатыр. Осыған орай, мектебімізде «БІЗ БІРГЕМІЗ» атты азық-түлікпен қамту челленджі бастау алып отыр. Төтенше жағдай мен карантин режиміне байланысты табысынан айырылған әлеуметтік осал топтағы отбасыларға қолдау көрсету – бұл азаматтық іс. Осы орайда, бірінші болып ат салысқан мектептің жаратылыстану кафедрасының ұйымшыл ұстаздары бүгін жалғызбасты ата-анамызға көмек көрсетіп, қолдады. Жұмыссыз қалған, атаулы көмектен қағылған жалғызбасты анаға біздің көмегіміз үлкен үміт болып, қуаныш сыйлады. Бұл - бірліктің айқын көрінісі. Алдағы уақытта челлендж өз жалғасын тауып, халықтың қиын кезеңнен аман-есен өтуіне оң ықпалын тигізеді деп сенеміз!