Балалар өнерінің шыңдалар тұсы - бауқау. Жыл бой ұстаздардың сіңірген еңбегі мен баланың жинаған рухани қорының кеңінен танылып, сараланар тұсы. өзге замандастарымен үзеңгі қағыстырып, шыңдалу арқылы тәжірибе жинау.
№ 1 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының «Шаттық» вокал тобы бүлдіршіндер және мектеп оқушлыраы арасы нда ұйымдастырылған 5 республикалық «Атадан Мұра» байқауында жүлделі орындарға ие болып қайтты. «Шаттық» кіші тобы өз замандастарының арасында жүйрігі болып бас жүлдеге қол жеткізді. «Шаттық » үлкен тобы осы аламан-додада 1 орынды қанжығасына байлады. ал жеке орындауда мектеп жұлдыздары Мырзахан Мәди мен Гаджиева Аделия бас жүлде иеленді. Мырзахан Мәди аспапта ойнау номинациясы бойынша өз бағын сынап жүлделі І орынға ие болды. Осындай жас жеткіншектердің республикалық байқауларда өнер көрсетіп нәтиже көрсетуі алдымен жетекшісінің қуанышы. Осы орайда хор жетекшісі Карабаева Шолпан Минетбековнаға алғысымызды білдіреміз!