Тамақ сапасына мониторинг жүргізу
Тамақ сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері 2025 жылдың 13 ақпан күні мектеп асханасына тексеріс жүргізді. Асханадағы дайын және шикі өнімнің сапасына бақылау үшін мониторинг жүргізді. Комиссия мүшелері асханадағы азық-түлік сертификаттарын, асханада санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын тексерді. Тоңазытқыш технологиялық жабдықтардың жарамдылығы, тәуліктік сынамалар, қоймадағы азық-түліктің сақталуы, қолданылатын ыдыс аяқтар талаптарға сәйкес, жарылған, сынған ыдыстар болмады. Күнделікті ас-мәзірге сәйкестігі және тағамды өлшеу сәйкестігі талапқа сай. Өлшеу кезінде қаймақ қосылған тұшпара сорпасы 130 гр., алма 100 гр., нан 35 гр., қант қосылған тәтті шәй 200/5/10 гр., көрсетті. Ешқандай ескерту болмады. Алдағы уақытта тамақ сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері өз тексеру жұмыстарын жалғастырады.

