байқау » СШ №1 им. Конаева
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназия"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72636) 4-87-23
Бухгалтерия
+7(72636) 4-87-23
Версия для
слабовидящих
29
март
2022

байқау

БОС ЖҰМЫС ОРНЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ!
Байқау уақыты: 29.03.2022 –06. 04.2022 жыл аралығынды
1.Білім беру ұйымының атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп- гимназиясы
2. Мекен-жайы: Қордай ауылы, Волкова 1 улица
3. Пошталық мекен-жайы: 080400
4. Контакты телефоны: жұмыс: +7 (72636) 4-23-87, ұялы телефон: 87756714525
5. Электрондық пошта: E-mail: mg1bilim@mail.kz
1. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының негізгі лауазымдық міндеттері: Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
      Тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады.
      Аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің (бұдан әрі–ҰКТ), сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтар мен қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады; тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша қажетті құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді;
      өткізілетін тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады.
      Педагогикалық кадрларды іріктеуге қатысады, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
      Тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің қоғам және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамының өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді.
      Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады.
      Тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады.
      Білім алушылардың, педагогтардың конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді.
      Кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізеді, есеп беру құжаттамасының сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді.
      "Құндылықтарға негізделген білім" -мектеп тұжырымдамасын әзірлейді. Мектеп ұжымының қатысуымен білім беруге бағалы әдіс енгізеді.
      Родителям арналған педагогикалық консилиумды ұйымдастырады және өткізеді. "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымы жұмысын ұйымдастырады. "Қоғамға қызмет ету", "Туған елге тағзым", "Үлкенге ізет", "Ата-анаға құрмет" атты қоғамға пайдалы жұмыстарды ұйымдастырады.
      Рухани-адамгершілік біліммен қамтамасыз етуде "Өзін-өзі тану" пәні мұғалімін алмастырады.
      Білім беру ұйымы түлектері қауымдастығы қызметін құру және қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді.
      Педагогикалық еңбек ветеранымен ынтымақтастықта болады. Мектеп мұражайының жұмысын ұйымдастырады.
      Дебаттық қозғалысты дамытады.
      Туристік сапарлар мен саяхаттарды ұйымдастырады.
      Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалы отбасылардың қатысуымен енгізеді.
      Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
 
а) Еңбек ақысы 150000  бастап 200000 теңгеге дейін, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (тұрақты орын)
2. Біліктілік талаптары:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; соңғы 3 жылдан кем емес үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі;
  оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша "педагог – сарапшы" немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – мастер" санатының болуы;

3. Құжаттарды қабылдау мерзімі: Жұмыс күндері: 9:00 – 17:30
4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
​1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
​2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
​3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
​4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
​5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
​6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде         № 21579 болып тіркелген).  
​7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
​8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
​9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ЕНТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
​10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Похожие публикации:

26 январь 2022 Конкурс нәтижесі
17 январь 2022 Байқау