25
февраль
2025
Тамақ сапасына мониторинг
Тамақ сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері 2025 жылдың 25 ақпаны күні мектеп асханасына тексеріс жүргізді. Зерделеу кезінде оқушылардың дұрыс тамақтануын, тағам сапасы, ыдыстардың қолданылуы, өнімдердің сақталуы қадағалап, тексеру актісі толтырылды. Күн сайын медицина қызметкері санитарлық қағидаларға сәйкес тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізіліп отырылады. Ас блогында аспазшы дайын өнімнің тәуліктік сынамасы қаралды, Асханада санитарлық нормаға сәйкес ауыз су режимінің ұйымдастырылып, ауыз су режимі оқушыларға қол жетімді жерде орналастырылған. Суға арналған диспенсерлер тұрақты түрде тазартылып отырылады. Су ішу үшін таза ыдыс (кружка, бір реттік қолданылатын стақандар) қолданылады.
Ай сайын комиссия мүшелерімен асхана тағам сапасы, ыдыстардың қолдануы, өнімдердің сақталуына тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында асхананың санитарлық жағдайы талапқа сай. Тиым салынған тауарлар сатылымда жоқ. Алдағы уақытта тамақ сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері өз тексеру жұмыстарын жалғастырады.