Біз біргеміз!
ҚР Президентінің Жарлығымен мемлекетімізде азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында төтенше жағдай енгізілгені бәрімізге мәлім. Қазіргі кезде біршама шектеулер қойылып, азаматтар уақытша жұмыстарын тоқтатып, оқушылар қашықтықтан оқытылып жатыр. Осыған орай, мектебімізде «БІЗ БІРГЕМІЗ» атты азық-түлікпен қамту челленджі бастау алып отыр. Төтенше жағдай мен карантин режиміне байланысты табысынан айырылған әлеуметтік осал топтағы отбасыларға қолдау көрсету – бұл азаматтық іс. Осы