Біз туралы - СШ №1 им. Конаева http://1-kordai.mektebi.kz/ ru Біз туралы - СШ №1 им. Конаева DataLife Engine Аудандық "Қыз сыны" http://1-kordai.mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/818-audandy-yz-syny.html http://1-kordai.mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/818-audandy-yz-syny.html
]]>

]]>
admin Thu, 08 May 2025 11:55:53 +0600
“Жарқынболашақ” олимпиадасы http://1-kordai.mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/817-zharynbolasha-olimpiadasy.html http://1-kordai.mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/817-zharynbolasha-olimpiadasy.html ]]> ]]> admin Fri, 02 May 2025 11:47:53 +0600 "GRAND STAR ASIA" байқауы http://1-kordai.mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/800-grand-star-asia-bajauy.html http://1-kordai.mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/800-grand-star-asia-bajauy.html ]]> ]]> admin Sat, 25 Jan 2025 08:39:52 +0600 Танабекова Назира Азтанқызы http://1-kordai.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/795-tanabekova-nazira-aztanyzy.html http://1-kordai.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/795-tanabekova-nazira-aztanyzy.html Тегі:  Танабекова

Аты:  Назира

Әкесінің аты:  Азтанқызы

Туған күні: 1 мамыр 1973 жыл.

Туған жері: Жамбыл облысы,Т.Рысқұлов ауданы,Сәлімбай ауылы.

Бітірген мектебі: Алматы қаласы №2 қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын арнайы мектеп.

Білімі: М.Х.Дулати атындағы Жамбыл университеті,  Диплом  ЖБП№0172752 08.12.1997 жылы «Қазақ тілі және әдебиет» мамандығы бойынша мұғалім.

  • 1993-1996 Тараз қаласындағы №36 қазақ орта мектебінің «Қазақ тілі және әдебиет» пәнінен мұғалім.
  • 1997-1998 Байзақ ауданы,Сарыкемер ауылы «Ауыл жаңалықтары» газетінде тілші.
  • 1998-2001 Тараз қаласы №25 орта мектебінде «Қазақ тілі және әдебиет» пәнінен мұғалім.
  • 2001-2012 Тараз қаласы №25 орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
  • Басшы ұйымдастырушы III-деңгейлі директор.
  • Халықаралық шығармашылық және білім академиясының ұйымдастыру комитетінің ғылыми кеңесінің шешімімен 17.04.2023 жыл «Білім беру көшбасшысы» -2023 жылы медалімен марапатталды. 

Пед. Стажы: 35 жыл

Оның ішінде: 

  • 12 жыл директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметі. 
  • 2012-2016ж. Қордай ауданы Жамбыл ауылы №26 ОКП мұғалім.
  • 2018 жылдан бастап, 2024ж. қазіргі уақытта Ауқатты ауылы Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп директоры.
  • Қазіргі таңда 2024 жылы №1 Дінмұхамед Қонаев мектеп-гимназиясының директоры.       

Білім санаты: Жоғары, Аттестациялық комиссияның шешіміне сәйкес зерттеуші

                 «Аманат» партиясы , Ауқатты бастауыш партиясының төрағасы. 

Білім жетілдіру: 

1. Білім басқармасы жанындағы педагог кадрлардың білім жетілдіру және білім жүйесін жаңа технологиялармен аймақтық апараттандыру орталығы, куәлік №196 п2.

2. «Білім әлемі» баспа бетіне үздіксіз мақалаларын жариялағаны үшін Алматы қаласы Республикалық ғылыми – әдістемелік педогогикалық мерзімді баспасөз басылымының сертификатын иеленді.

3. Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтта өз білімін көтерді.

4. Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курстарын аяқтады.

5. «Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту тақырыбында «Өрлеу біліктілікті арттыру» ұлттық орталығының курсын аяқтады.

Авторлық кітаптары: 

1. «Өмірімнің өзі өлең» 2004ж. Алматы

2. «Бата-тілек» 2005ж. Тараз 

3. «Алладан тіле тілекті» 2009ж. Тараз

4. «Өмір.Өлең.Сезім.Тағдыр.» 2014ж. Алматы

5. «Жанарымнан  танышы» 2022 ж.Алматы           

6. 2022 жыл Қазақстан Республикасы «инновация» оқу әдістемелік орталығының баспасынан «Даланың дана ділмарлары» тақырыбындағы авторлық бағдарламасы қолданысқа енгізілді.

Мадақтамалар:  

1) Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің құрмет грамотасымен марапатталды.

2) III Республикалық   М.Мақатаевтың «Жырлайды жүрек» дипломымен марапатталды

3)Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің Д.Қонаевтың 100 жылдық ақын мүшайрасының II орын жүлдегері.

4) Облыстық «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» фестивалінде «Ақ тілек» авторлық әні дипломмен марапатталды.

5) Аудандық «Тиімді әдіс-сапалы сабақ кепілі» семинарда көрсеткен үздік сабағы үшін марапатталды.

6) Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Мұқағали шығармашылығындағы ойтолғаудың танымдық астарлары» баяндамасы дипломмен марапатталды.

7) Тараз қаласы 2021 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды.   

8) Білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіруге қосқан елеулі жеке үлесі және облыстың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды.

9) Тәрбие мен білім жүйесінің дамуына қомақты үлес қосып, жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін құрмет грамотасымен марапатталды. 

10) «Әлеуметтік әріптестік жылы» аудандық білім беру мекемелерінің басшылары арасындағы спартакиадасында әйелдер арасында асық атудан І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Мекен-жайы:  Қордай ауылы, Көлтоған  көшесі   №29  үй.

Байланыс телефондары: 87757791073, 4-66-41.

]]>
Тегі:  Танабекова

admin2 Tue, 17 Dec 2024 12:14:44 +0600
Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы http://1-kordai.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/779-blm-beru-jymyny-zhalpy-sipattamasy.html http://1-kordai.mektebi.kz/o-detskom-sade/administraciya/779-blm-beru-jymyny-zhalpy-sipattamasy.html

 Құжат атауы
 Құжатты қарау

1

Мекеме жарғысы

2

Анықтама 
(Мекеменің мемлекеттік тіркеуден өткені туралы)

3

 Бұйрық 
(Директорды тағайындау туралы)

4

Лицензия
5
Техпаспорт

6
Жалпы сипаттамалар

admin2 Fri, 06 Sep 2024 12:24:05 +0600
2023-2024 оқу жылы бойынша директордың есебі http://1-kordai.mektebi.kz/main/758-2023-2024-ou-zhyly-bojynsha-direktordy-eseb.html http://1-kordai.mektebi.kz/main/758-2023-2024-ou-zhyly-bojynsha-direktordy-eseb.html Ұжымдық шарт Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес білім беру ұйымдары қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау мен қызметкерлер үшін қосымша әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және кәсіби кепілдіктер, жеңілдіктер мен артықшылықтар, сондай-ақ заңдармен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен, әлеуметтік әріптестік туралы бас келісіммен, салалық тарифтік, аймақтық келісімдермен белгіленгеннен де оңтайлы еңбек жағдайларын жасауды көздейтін жұмыс беруші мен жұмысшылардың өзара міндеттемелерін анықтау мақсатында жасалған.

       Мектепте 169 қызметкер бар: 138 мұғалім, 31 техникалық қызметкер, декретте отырғандардың саны 11, оның ішінде 9 мұғалім, 2 техникалық қызметкер.

    Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мектепте еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссия құрылған. Комиссия құрамы теңқұқылы бастамада әр тараптан сандық құрамы тең өкілдерден құрылады. Білім беру ұйымдары мен қызметкерлер арасында туындайтын барлық санаттағы жеке еңбек даулары, еңбек дауының кез-келген тарапының өтініші бойынша, ҚР Еңбек кодексімен көзделген тәртіппен қаралады.   

       Бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетімен мектептің әкімшілігі тығыз байланыста жұмыс жасауда, барлық мектеп бойынша актілері келісе отырып қабылданады:

1) ішкі еңбек тәртіп ережесі;

2) оқу сабақтарының кестесі;

3) жұмыс кестелері;

4) демалыс кестелері;

5) педагог қызметкерлердің оқу жүктемесі;

6) аттестацияның сұрақтары;

7) біліктілік санатын көтеру туралы шешімдері;

8) еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулықтары.

       Бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін ескере отырып қабылданатын актілер:

1) Еңбек жағдайларының өзгеруі туралы бұйрықтар;

2) жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарттарын бұзу туралы бұйрықтар;

3) жұмысшыларға мереке және демалыс күндерді хабарлау туралы бұйрықтар;

4)штаттық кестенің қысқаруы мен өзгеруі туралы бұйрықтар;

5)көтермелеу, марапаттау және тәртіптік шаралар туралы бұйрықтар;

     Еңбек шартының мазмұны, оны жасау, өзгерту мен бұзу тәртібі ҚР Еңбек кодексіне сай жасалынады.

          Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтардың бос немесе уақытша бос лауазымына тағайындау үшін арнайы конкурс ұйымдастырып, үміткерлердің құжаттарын қарап, тағайындауға ұсынатын комиссия құрамын бекітіп, комиссияның шешімі арқылы мұғалімдерді қабылдау жүргізіліп жатыр.

     Сонымен қатар жұмыс беруші мен зейнет жасына жеткен қызметкер арасында еңбек қатынастарын жалғастыру туралы өзара келісім болған жағдайда, жұмыс берушілер қолданыстағы еңбек шартын оқу жылы аяқталғаннан кейін бұзып, оны жыл сайын қайта жасауға құқылы. Мектепте ҚР министрлігінің №57 бұйрығы 173 бабына сай байқауға маман анықталмаған кезде кадр тапшылығы себебінен уақытша 2 зейнеткер жұмысқа қабылданды.

   Мектепте үнемі жұмыспен қамту орталығына, enbek.kz сайтына және әлеуметтік желілерге мекемедегі бос лауазымдар туралы, байқау жариялау туралы мәлімет және қызметкерлерге сұраныс жібереледі. 

Еңбек шартында ҚР ЕК 28 бабымен көзделген ерекше еңбек жағдайлары, оның ішінде оқу жүктемесінің көлемі, жұмыс уақытының режимі мен ұзақтылығы, еңбек ақының мөлшері, жеңілдіктер мен өтемақылар және өзгелер көрсетіледі.

     Еңбек шартындағы жағдайлар тек тараптардың келісімі бойынша және жазбаша түрде ғана, ҚР Еңбек Кодексімен белгіленген тәртіппен өзгертілуі мүмкін.

   Педагогикалық қызметкерлердің оқу жүктемесінің көлемі оқу жоспарындағы сағат саны, оқу бағдарламалары, кадрмен қамтылу, мекемедегі өзге де нақты жағдайларға сәйкес кәсіподақ комитетінің пікірін ескере отырып белгіленеді. 2023 жылы жұмыс істеп жүрген 129 мұғалімдердің жүктемелері: 20 мұғалімде - 16-20 апталық сағат, 99 мұғалімде - 21-24 апталық сағат , 3 мұғалімде - 24 сағаттан жоғары, әкімшілік мүшелерінде - 8 апталық сағаттан төмен, 16 сағаттан төмен алып отырған маман жоқ. Мектептің әкімшілік мүшелері өздерінің мамандығы бойынша қосымша педагогикалық жүктеме мұғалімдер оқу жүктемесімен, еңбек ақы жүктемесінен кем емес мөлшерде қамтылған жағдайда ғана беріледі.

   Оқу жүктемесін мұғалімдер әдістемелік бірлестік жетекшілерімен бірге өздері келісе отырып бөліп, мекеме басшысына ұсынады. Барлық ӘБ мұғалімдерінің, кәсіподақ төрағасының пікірі ескеріліп, бекітіледі.

Мұғалімдерге жаңа оқу жылының басында белгіленген оқу жүктемесі ағымдағы оқу жылында тек қана бір себеппен өзгерілуі мүмкін болатын: оқушылардың саны азайған кезде, топтар жабылып, сағаттар қысқарылады. 2023 жылы тағы бір себеп қосылып отыр, ата-аналардың наразылығы бойынша сағаттарды ауыстыруға, қысқартуға әкімшілік мәжбүр болып отыр.

   Бала күтіміне байланысты, үш жасқа толғанға дейінгі, демалыста отырған мұғалімдер үшін оқу жүктемесі жалпы ережелер бойынша белгіленеді және осы кезеңге жүктемені орындау өзге мұғалімдерге беріледі.

    Қызметкерлердің кәсіби даярлығы, қайта даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша: 2023-2024 оқу жылы педагогикалық ұжымнан 40 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өткізу жоспарланған. Оқу жылының барысында 36 мұғалім біліктілік арттыру курсынан өтті. Оның ішінде: кәсіби құзіреттіліктерін дамыту бойынша 26 педагог, жаңартылған білім мазмұны бойынша 10 педагог. 

Аттестация нәтижелері. 2023 жылы аттестаттауға қаңтар-мамыр аралығында 15 мұғалім өтініш білдірген. Оның 12 сі аттестаттаудан өтті. Оның ішінде педагог зерттеуші- 3, сарапшы- 3, модератор- 6.

Жалпы мектеп бойынша педагог саны -135; оның ішінде: 

Жоғары білімі- 134

Арнаулы орта білімі -1

5 мұғалім педагог- шебер, мектеп мұғалімдірінің 3,5 пайызын, 37 мұғалім педагогзерттеуші мектеп мұғалімдерінің 27,4 пайызын, 33 мұғалім педагог-сарапшы мектеп мұғалімдерінің 24,4 пайызын, 33 мұғалім педагог-модератор мектеп мұғалімдерінің 24,4 пайызын құрайды. 27 педагог. Педагогтерге берілген тиісті біліктілік санаттары үшін төлемдер мен қосымша ақылар оқу жылының 1 қыркүйегі мен 1 қаңтарынан жүргізіледі.

    Педагогтердің білікітілігін арттыру, өз білімін көтеру, мектепішілік, аудандық, облыстық деңгейде өткізілетін әдістемелік семинарларға, тәжірибе алмасу конференцияларға, әр түрлі байқауларға қатысып, оқушылардың білім сапасына оңтайлы әсерін тигізуде.

Білім сапасының көрінісі:

Оқу жылдары

Оқушылар саны

Үздіктер

Екпінділер

Орташа

Білім сапасы

Үлгерімі

2023-2024

1514

107

842

391

71%

100%

Жұмыс уақыты және демалыс уақыты:

Қызметкерлердің жұмыс уақыты жұмыс берушінің бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетімен келісе отырып бекіткен мекеменің ішкі еңбек тәртібі ережелерімен, сабақ кестесімен, жылдық күнтізбелік оқу кестесімен, ауысым кестесімен, сондай-ақ еңбек шартымен, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары және оларға мекеме жарғысымен (ереже) жүктелген міндеттемелермен белгіленеді. Басшы қызметкерлер, мекеменің әкімшілік-шаруашылық, оқыту-көмек беру және қызмет көрсету құрамының қызметкерлері үшін аптасына 40 сағаттан аспайтын мөлшерлі жұмыс уақытының ұзақтылығы белгіленеді.

Еңбек ақы мен еңбек нормалары:

Мектептің қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамаларының негізінде жүргізіледі. Қызметкерлерге еңбек ақы әр ай сайын, өткен айдан кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірілмей беріледі. Ай сайын айлық есептік көрсеткіш қағазы беріледі. Біліктілік санаты үшін қосымша ақы төленеді:

- білім беру ұйымдарының педагогикалық шеберлік біліктілігі бар мұғалімдеріне, педагогтарына, педагог-психологтарына және әлеуметтік педагогтарына:

педагог-модератор - 30 пайыз; 

педагог-сарапшы - 35 пайыз; 

педагог-зерттеуші - 40 пайыз; 

педагог-шебер - 50 пайыз.

- білім беру ұйымдарының басшыларына және олардың орынбасарларына:

1 санат - 100 пайыз; 

2 санат - 50 пайыз; 

3 санат - 30 пайыз.

Сонымен қатар, қосымша үстем ақы жүйесі де енгізілді. 1.ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №160 бұйрығына сәйкес жұмысқа жаңадан қабылданған жас мамандарға тәлімгерлер бекітіледі және оларға 17697 теңге көлемінде қосымша ақы төленеді. Биылғы жаңа оқу жылында 2 жас маманға тәлімгер бекітіліп, қосымша үстемақы алып отыр.

2.Мектептерде педогогтық қызметкерлердің сапалық әлеуетін арттыруды ынталандыру мақсатында магистр дәрежесі барларға 10 айлықтың есеп көрсеткіші көлемінде қосымша ақы қарастырылған. Былтыр мұғалімдер магистр дәрежесі үшін 34500 теңге ақы алса, биыл 7 мұғалім 36920 теңге көлемінде магистр дәрежесі үшін қосымша ақы алады.

3.Әдістемелік бірлестік жетекшілері 4424 теңге қосымша үстемақы алады.

4.Кабинет меңгерушілеріне 3539 теңге төленеді.

5.Педагогтерге сынып жетекшілігі үшін ай сайын берілетін үстемеақы 1-4 сыныптар үшін 8849 теңге, 5-11 сыныптар үшін 10618 теңгені құрайды.

      ҚР ЕК 201,203 бабына сай мектепте еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөніндегі ішкі бақылау ұйымдастырылған және еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрылған.

    2023 жылы барлық мұғалімдер мектептің дамуына үлесін қосып, облыс көлеміндегі мектептің рейтингісін көтеру үшін көптеген жұмыстар атқарылды. Мектеп 2022-2023 оқу жылын 49818 баллмен аяқтап, облыстық рейтинг нәтижесі бойынша 1 орынға шықты. 514 бұйрыққа сай оқушылар әр түрлі байқауларға белсене қатысты:

Халықаралық - 4 

Республикалық - 837 онлайн, жанды 

Облыстық – 48,

Аудандық - 136

Мұғалімдер арасында:

Халықаралық - 4 

Республикалық - 3 

Облыстық - 28 

Аудандық – 25

жүлделі орындарға ие болды. Облыс қорытындысы бойынша 9 жыл қатарынан жоғары нәтиже көрсетіп, инновациялық режимдегі мектеп атағына ие болып, инновация режимінде қайта жұмысын жалғастыруда.

      Тәрбие жоспарындағы «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша руханиадамгершілік, патриоттық, мәдени, эстетикалық және экологиялық тәрбиені жүзеге асыру мақсатында көптеген тәрбиелік іс-шаралар өткізілуде. Оқу жылының басында ата-аналарды Педагогикалық қолдау орталық кабинеті ашылды. Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету мақсатында түрлі семинар-коучингтер өткізілуде. Педагогикалық қолдау орталығына қайырылған кез-келген ата-анаға қолдау көрсетілуде.

  Мектепте балалардың сапалы білім алуы, өздерін жайлы сезінулері үшін барлық жағдай жасалынған. Тәрбие басы білімалушыға эстетикалық жағдай жасаудан және тазалықтан басталады. Тек жайлылық жағдайларда ғана біз рухани бай адам тәрбиелей аламыз. Сондықтан мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтудағы орасан жұмыстар мектеп үдерісінің ең басты қатысушылары, мектептің иелері - балалар үшін жасалады. Мектеп әкімшілігі білім ордасын тек жақсы күтімді ғимарат қана емес, білімнің, сұлулық пен мейірімділіктің нағыз ғибадатханасына айналдыруға тырысады. Барлық мерекелермен, мүшәйралар мұғалімдердің қолымен жасалады. Әрине, осы істе ата-аналар және мектептің Қамқоршылық кеңесі зор қолғабысын тигізеді.

   Мектептің Қамқоршылық кеңесінің атсалысуымен мектепте түрлі шаралар, мерекелер, жиналыстар, сенбіліктер, даулы жағдаяттарды шешу, көшеттер отырғызу, мәдени саяхаттар өткізіліп, дарынды балаларға қолдау көрсетіледі. Сонымен катар мектептің материалдық-техникалық базасы да нығаюда. «Мектепке тағзым» науқаны шеңберінде мектеп түлектері жұмсақ жиһаздар яғни жайлы орындықтар сыйға тартқан.

   Ата-аналар қамқоршылық кеңесінің көмегімен өткен 2023 жылында көптеген жұмыс жасалынды: қол жуатын сусабын, хлор, белизна, светодиодтық лампалар, прожекторлармен демеушілік көрсетті ата-аналар комитетіне алғысымыз шексіз.

   «Тілек шыршасы» атты үйден оқытылатын, аз қамтылған, көп балалы отбасыларына жалпы 44 балаға сыйлықтар берілді. Науқан демеушілері мектеп мұғалімдері мен атааналары.

     Ата-аналар тарапынан ауданымызда өткен «Салауатты ата-ана мәдениеті» атты аудандық байқауына «Қосымбай» отбасы бірінші орын және 50 мың теңге сертификатына ие болды. Облыстық кезеңге жолдама алып, екінші кезеңінде «Жақсы жан жанға шам» номинациясымен қаржылай сертификат иегері атанды.

    Мектеп, ата-ана, оқушы үштік одақтың жүйесін жалғау мақсатында қарттар күніне орай мектебіміздің мәжіліс залында дәстүрлі мерекеге айналған ардақты ардагерлерімізбен бірге ата-әжелеріміз, еңбек ардагерлері аудандық «Атамекен» қариялар ұжымымен бірлескен іс-шара өткізілді. 

Құқықтық тәрбие бағыты бойынша оқушылармен жұмысты күшейту қолға алынған. Қазіргі таңда мектепішілік есепте 3 оқушы бар. Аудандық кәмелетке толмаған инспекциясының есебінде тұрған оқушы жоқ. Құқықтық тәрбие бағыты бойынша оқушылармен жұмысты күшейту қолға алынған. Қазіргі таңда мектепішілік есепте 3 оқушы бар. Аудандық кәмелетке толмаған инспекциясының есебінде тұрған оқушылар және сәтсіз отбасылар жоқ. Мектептегі келеңсіз оқиғаларды алдын алу мақсатында «Қауіпсіз мектеп» жобасы жүзеге асады. Нақтылап айтқанда мектеп айналасы қоршалынған, жаяу жол жүргіншілерге арналған белгілер орналастырылған, цифрлық бейне бақылау камералары жұмыс жасауда (жалпы саны 32). Сонымен қатар зорлық зомбылықты алдын алу, буллинг және кибербуллингті алдын алу, аутодеструктивті мінез құлықты алдын алу шаралары жүйелі түрде жүргізіліп отырады. Салауатты өмір салтын насихаттау және теріс діни ағымға түсудің алдын алу жұмыстары да назардан тыс қалып жатқан жоқ. 

  Жыл сайын осындай жұмыстардың арқасында мектеп өсіп, гүлденіп, жетіліп, дамып келеді. Мұғалімдер ұжымы да, ата-аналар қоғамдастығы да өз істерінің жемісін көре отырып, әрі қарай да бірлесіп, серіктесіп әрекет етуге ынталары арта түсуде. 

  «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша жоспар негізінде жұмыс жүргізілуде. Күнделікті үлкен үзілісте әдеби минуттарда «Оқырман ұрпақ» атты жоба барысында оқушылардың көркем кітап оқуы дәстүрге айналған.

    Бір ұжымда кейде әртүрлі жағдайлардың орын алуы мүмкін. Мектеп қабырғасында кішігірім орын алған жағдайлар, уақтылы өз шешімін табады. Мұғалімдер мектептегі еңбек жағдайларына, әріптестер арасындағы педагогикалық қолдауға риза. Алайда, өкінішке орай мектепте жалпы эмоционалды ахуалға теріс әсер ететін мұғалімдер де баршылық. Оқу жылының басында мұғалімдер арасында сағаттар бойынша түсініспеушілік пайда болып, Е өтінішке шағым түсті. Уақтылы келісу комиссиясының отырысы болып, бұл мәселе оңтайлы шешімін тапты. Осыған байланысты: ұжымда дау немесе түсініспеушілік орын алған жоқ, коллаборативтік және психологиялық ахуал жақсы деңгейде.

   Жалпы мектеп-гимназиясының ұжымы бекітілген жоспар бойынша, мақсатқа жету барысында жұмыла әрі белсенді жұмыс жасау арқасында жемісті нәтиже көрсетіп, жұмысын жалғастыруда.

]]>
Ұжымдық шарт Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес білім беру ұйымдары қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау мен қызметкерлер үшін қосымша әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және кәсіби кепілдіктер, жеңілдіктер мен артықшылықтар, сондай-ақ заңдармен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен, әлеуметтік әріптестік туралы бас келісіммен, салалық тарифтік, аймақтық келісімдермен белгіленгеннен де оңтайлы еңбек жағдайларын жасауды көздейтін жұмыс беруші мен жұмысшылардың өзара міндеттемелерін анықтау мақсатында жасалған.

admin Fri, 24 May 2024 16:27:15 +0600
Мұғалімдер мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар http://1-kordai.mektebi.kz/main/704-malmder-merekesne-oraj-tkzlgen-s-sharalar.html http://1-kordai.mektebi.kz/main/704-malmder-merekesne-oraj-tkzlgen-s-sharalar.html №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында мұғалімдер мерекесіне орай көптеген іс-шаралар өткізілді.
Мектеп оқушылары арасында мектепішілік іс-шара өткізілді.
«Ұстаз –ұлағатты есім», «Ұстаздарға мың алғыс!», «Менің ең алғашқы ұстазым», «Ұстаз-ұлағатты есім» тақыраптарында сынып сағаттары өткізілді. Ұстаздарға құттықтау плакаттары салынып, қабырғаларға ілінді. Мұғалімдер күніне орай «Дублер күні» іс-шарасы ұйымдастырылды. 

]]>
№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында мұғалімдер мерекесіне орай көптеген іс-шаралар өткізілді.
Мектеп оқушылары арасында мектепішілік іс-шара өткізілді.
«Ұстаз –ұлағатты есім», «Ұстаздарға мың алғыс!», «Менің ең алғашқы ұстазым», «Ұстаз-ұлағатты есім» тақыраптарында сынып сағаттары өткізілді. Ұстаздарға құттықтау плакаттары салынып, қабырғаларға ілінді. Мұғалімдер күніне орай «Дублер күні» іс-шарасы ұйымдастырылды. 

]]>
admin Mon, 20 May 2024 14:05:54 +0600
Таза Қазақстан науқаны http://1-kordai.mektebi.kz/main/755-taza-azastan-nauany.html http://1-kordai.mektebi.kz/main/755-taza-azastan-nauany.html  «Таза Қазақстан» атты бес апталық экологиялық науқанына
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназисы қатысты.

]]>
 «Таза Қазақстан» атты бес апталық экологиялық науқанына
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназисы қатысты.

]]>
admin Mon, 22 Apr 2024 15:58:14 +0600
Үміт жәрмеңкесі http://1-kordai.mektebi.kz/main/754-mt-zhrmekes.html http://1-kordai.mektebi.kz/main/754-mt-zhrmekes.html №1 ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНДА ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ МАҚСАТЫНДА "ҮМІТ" ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТКІЗІЛДІ. 

]]>
№1 ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНДА ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ МАҚСАТЫНДА "ҮМІТ" ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТКІЗІЛДІ. 

]]>
admin Fri, 19 Apr 2024 15:54:18 +0600
Аудандық семинар http://1-kordai.mektebi.kz/main/752-audandy-seminar.html http://1-kordai.mektebi.kz/main/752-audandy-seminar.html
№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында
"Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушыларды рухани-адамгершілік тұрғыда тербиелеуді Lesson study арқылы ұйымдастырудың педагогикалық шарттары тақырыбында тәжірибелік аудандық семинар болып өтті. Семинар жоғарғы дәрежеде өтті.

admin Wed, 03 Apr 2024 15:39:18 +0600