Директордың қамқоршылық кеңес алдындағы есебі
Құрметті ата-аналар,
2021 жылы № 1 Дімұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының атқарылған жұмыстарының есебін ұсынамын.
Мектепте балалардың сапалы білім алуы, өздерін жайлы сезінулері үшін барлық жағдай жасалынған. Тәрбие басы білімалушыға эстетикалық жағдай жасаудан және тазалықтан басталады. Тек жайлылық жағдайларда ғана біз рухани бай адам тәрбиелей аламыз. Сондықтан мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтудағы орасан жұмыстар мектеп үдерісінің ең басты қатысушылары, мектептің иелері – балалар үшін жасалады. Мектеп әкімшілігі білім ордасын тек жақсы күтімді ғимарат қана емес, білімнің, сұлулық пен мейірімділіктің нағыз ғибадатханасына айналдыруға тырысады. Барлық мерекелермен, мүшәйралар мұғалімдердің қолымен жасалады. Әрине, осы істе ата-аналар және мектептің Попечительский советі зор қолғабысын тигізеді.
Мектептің қамқоршылық кеңесінің атсалысуымен мектепте түрлі шаралар, мерекелер, жиналыстар, сенбіліктер, даулы жағдаяттарды шешулер, көшеттер отырғызу, мәдени саяхаттар өткізіліп, дарынды балаларға қолдау көрсетіледі. Сонымен катар мектептің материалдық-техникалық базасы да нығаяды.
Попечительский советтің көмегімен өткен 2021 жылында көптеген жұмыс жасалынды: кептіргіш пен қол жуатын сұйық сабын, хлор, светодиодтық лампалар, прожекторлар, шатырдың жөндеу жұмысына көптеген заттар алуға көмектескен және сыйға тартқан ата-аналар комитетіне алғысымыз шексіз.
«Мектепке тағзым» акциясы шеңберінде мектеп түлектері кітапқа арналған сөрелер сыйлады. «Біз біргеміз», «Тілек шыршасы» атты аз қамтылған отбасыларына арналған акциясында мектеп мұғалімдері мен ата-аналары белсене қатысты.
Жыл сайын осындай жұмыстардың арқасында мектеп өсіп, гүлденіп, жетіліп, дамып келеді. Преподаватели ұжымы да, ата-аналар қоғамдастығы да өз істерінің жемісін көре отырып, әрі қарай да бірлесіп, серіктесіп әрекет етуге ынталары арта түсуде.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша жоспар негізінде жұмыс ұйымдастырылды.
«Ең үздік кітапхана» шеруі» бағытында 2021 оқу жылында мектеп кітапхана қоры толықтырылды, кітапхананың оқу залына 12 нетбук және электронды оқулықтар, мектеп дәлізінде «Оқуға құштар мектеп» жобасына арналған бұрыш, түрлі үлгідегі оқырмандардың өз қиялдарынан туған кітапшалар мен кітап мұқабаларын қабырға стенді безендіріліп ілінді.
«Алтын қазына» бағдарламасы аясында «Сыйлыққа кітап» атты жоба жұмысын үштік одақтың бірігіп атсалысуында, ата-ана Абай Нухитович Кенжебаев Қасым Қайсеновтың қолтаңбасы бар "Жау тылында" және Бейбіт Сапаралының кітаптарын және зейнеткер ұстаз Валентина Ивановна Сысоева 610 дана кітапты кітапхана қорына сыйлыққа тарту етті.
Әр бейсенбі күні үлкен үзілісте Әдеби минуттарда «Оқырман ұрпақ» атты жоба барысында оқушылардың көркем кітап оқуы дәстүрге айналған.
«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына -30 кітап» атты жобада оқушыларға 30 кітаптің тізімі беріліп, бірінші оқыған оқырман бағалы сыйлықпен марапатталады. Главная сыйлық – велосипед - ата-ана Рашид Мадраимовтың көмегімен беріледі.
«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Тыңда, Дала, Жамбылды»,үздік буктрейлер байқауы, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай «Жырлайды жүрек» ақынның өлеңдерінен челленджі, Ыбырай Алтынсарин 180 жылдығына, Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығына орай жас мамандар арасында эссе байқауы, т.б.атаулы күндерге іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Ең үздік кітап оқитын мектеп» атты онлайн байқауында 9-сынып оқушысы Абсалтай Альмира аудандық кезеңінің «Бас жүлде» иегері атанып, облыстық байқаудан ІІ орынмен марапатталды.
Республикалық «Оқуға құштар үздік мектеп» атты байқауына 1-11 сынып оқушылары белсене қатысып, 67 жүлделі дипломдарға ие болды.
Мектептегі жүргізіліп жатқан іс-шаралар барлығы әлеуметтік желілер парақшаларында жариялануда.
2019-2020 оқу жылының аяғында мектеп бойынша оқушылардың білім сапасы 71 % құрады. 2020-2021 оқу жылының 1-тоқсанында білім сапасы 65 %, 2-тоқсанында 61,7 %, 3-тоқсанында 59 % құрады. Оқушылардың білім сапасының төмендеу себептері анықталып, педагогикалық кеңестерде талқыланды. Білім сапасының төмендеу себептері: қашықтықтан оқыту кезінде оқушылармен жеке жұмысты сапалы ұйымдастыру, қатаң бақылауды жүргізу, сабақтың сапалы, дәстүрлі түрде өткізу мүмкіндігінің жоқтығы, интернет желісіндегі кедергілер, оқушылардың жауапкершіліктерінің төмендеуі, 9,11-сыныптар офлайн режимінде оқыған кезде әлемде болып жатқан пандемияға байланысты жұқпалы респираторлық вирустық инфекция таралып, карантинге шығуы білім сапасына әсер етті. 4-тоқсанда мемлекетімізде таралып жатқан аурудың өршуіне байланысты оқушылардың 40 % карантиндік режимге түсіп, онлайн оқытуға ауысуы да кері әсерін тигізді. Ата-аналар, оқушылар арасында сауалнама, оқу жетістіктеріне мониторинг, салыстырмалы талдау жүргізіп, анықталған олқылықтарды жою мақсатында мектепте іс-шаралар жоспарланды. Үлгерімі төмен оқушылармен қосымша сабақтар, қосымша білім беру сабақтарын бақылау, психологиялық тренинг, кеңес беру жұмыстары, сабақтарға қатысу, әдістемелік семинар, шеберлік сынып, Веб-конференция, жас мамандармен тәлімгерлік жұмыстары жүргізіліп, мектепішілік бақылау жұмысы күшейтілді. Осы жұмыстың нәтижесінде 2020-2021 оқу жылының аяғында мектеп бойынша оқушылардың білім сапасы 71 % жетті.
Біліктілікті арттыру – мұғалімнің өз қызметін нәтижелі атқару үшін және кәсіби деңгейін көтеру мақсатында арнайы оқу бағдарламалары арқылы оқыту, кәсіби даму, өз білімін көтеру болып табылады. Педагогтердің 100 % бес жылда бір рет курстан өтуі бақылауда. 95 % орта білім мазмұнын жаңарту аясында ұйымдастырылған оқыту курстарынан өтті. 85 педагог (68 %) «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері» тақырыбындағы инклюзивті оқыту бағдарламасы бойынша курстарда оқып сертификатталды. «Қашықтықтан оқытуды үйренемін» атты пандемия кезінде ұйымдастырылған оқыту курсынан 100 % педагог өтті.
Мектепте педагог-кадрларды аттестаттау Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қантардағы № 83 бұйрығы және өзгерістер енгізу №192 және № 202 бұйрықтары негізінде жүргізілді.
2018-2021 жылдары аралығында жаңа форматтағы аттестаттау бойынша 36 мұғалім педагог-зерттеуші, 29 мұғалім педагог-сарапшы, 17 мұғалім педагог-модератор, мектеп директоры, 2 директордың орынбасарлары екінші санатты біліктілік санатын алды. Педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы мұғалімдердің үлесі 60 %, жаңа формат бойынша аттестаттаудан өткен мұғалімдердің үлесі 68 % (жалпы саны 85). Педагог-кадрлардың потенциалы жоғары, 2021-2022 оқу жылы 6 мұғалім педагог-шебер біліктілік санатын алуды жоспарлап отыр.
Әлеуметтік желіде мектептің арнайы жеке сайттары бар . Фейсбук, Инстаграм парақшаларында мектеп-гимназиясының атқарылып жатқан іс-шаралары, түрлі сайыстар мен байқаулар, бала тәрбиесіне қатысты мақалалар мен жариялымдар, әдістемелік семинарлар, , мектеп мақтанышына айналған оқушылардың түрлі деңгейдегі марапаттары, суреттері, бейнебаяндары лездеме түрінде салынады. Мектептің дамуына, қоғамдық жағдайына өз үлестерін қосқан, кәсіби жоғары деңгейдегі ұстаздар «Қанатты ұстаздар» парақшасында мақалалары жарияланады.
9,11- сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау – білім алушылардың негізгі орта білім беру, жалпы орта білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім. 2020-2021 оқу жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125, 28.08.2020 № 393, 28.04.2021 №189 бұйрықтарын басшылыққа алып, қорытынды аттестаттауға даярлық жұмыстары жоспарланды. Оқу жылының басында қорытынды аттестаттауға қатысатын оқушылардың мәлімет базасы жасалды, стендттер ресімделді. Мектепте 3 ата-аналар жиналысы, мұғалімдерге арналған 2 оқыту семинарлары өткізілді. Оқушыларды ЕНТ-ге даярлық жұмыстарында «Дарын-онлайн» платформасын сәрсенбі күндері, «Мектеп.кз» сайтында онлайн-тест айына 1 рет, тестілеу орталығында тестілеу кітапшалары арқылы тоқсанына 1 рет байқау тестерінен оқушыларды өткізіп, талдау жасалды, нәтижесі директор жанындағы кеңестерде, ата-аналар жиналыстарында талқыланды. Оқушылар қаңтар, наурыз айларында Ұлттық Біріңғай Тестілеу орталығының ұйымдастыруымен өткізілген тестілеулерге қатысты. Гимназия сыныптары бойынша орта балл 74-88 % аралығында, жалпы білім беретін сынып бойынша 53-66 % аралығында көрсетті.
Оқушыларды қорытынды аттестаттауға даярлықты сапалы жүргізу мақсатында, пән мұғалімдері айына 1 рет тестілеу жүргізіп, қатемен жұмысты қосымша сабақтарда жүргізді. 9,11-сыныптарда 3-тоқсанда жаңа форматтағы емтихан материалдары үлгісінде сынақ емтихандар өткізілді.
9-сынып оқушылары арасында 8 үздік аттестат үміткерлері мен 11-сынып оқушылары арасында 2 үздік аттестат үміткерлерімен жоспарлы түрде жұмыс ұйымдастырылды. Оқушылардың ата-аналарымен балаларының жетістіктері жайында кеңес беру жұмыстары, онлайн-тест, сынақ емтихандары жүргізілді.
Мектепте оқушыларды халықаралық зерттеулерге дайындау бойынша жоспарға сай қыркүйек айында мұғалімдерге «Халықаралық зерттеулер бойынша нормативті құжаттарды оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында онлайн режимінде конференция өткізілді. Школьникам арналған стенд ресімделді, халықаралық зерттеулер туралы материалдар, тапсырмалардың үлгілері көрсетілді. Мектеп бойынша халықаралық зерттеуге қатысатын оқушылардың тізімі жасалынып, мектеп психологтары тренингтер өткізіп, халықаралық зерттеулерге дайындық бойынша кеңес беріп, жұмыс жүргізіп жатыр. «TIMSS, PIRLS, PISA, ICILS- мектептегі білім беру сапасын халықаралық бақылау» тақырыбында ата-аналармен жиналыс өткізілді. Пән мұғалімдері жоспар құрып, қосымша сабақтарда, сабақ өткізу барысында оқушылардың функционалды сауаттылықтарын дамытуды іске асыруда.
Мектеп ұжымы және оқушылар жыл сайын түрлі байқаулар мен сайыстарға мүмкіндігінше белсене қатысады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің құрметіне салтанатты лездемелер өткізіп, оқушыларды марапаттау дәстүрге айналды. Дипломдар мен мадақтамалардың саны еселеніп, мыңдап есептелінеді. Жоғарыда аталған көрсеткіш облыстық мектептер арасындағы рейтингте негізге алынды. 2016-2020 жылдар аралығында мектеп- гимназиясы «Инновациялық режим» атағында жұмыс істейтін мектептер қатарына кірді.
2020-2021 оқу жылында педагогтердің кәсіби шеберлік байқауларының жеңімпаздары болған педагогтер саны – халықаралық деңгейде -131, республикалық – 891, облыстық -96, аудандық- 116. Конференцияларға, семинарларға, форумдарға, көрмелерге, педагогикалық оқуларға қатысушы педагогтердің үлесі – аудан-119, облыс-81, республикалық-52, халықарлық-19.
Мектептің әдістемелік жұмысының жаңашылдығы лингвистикалық пәндер кафедрасы «Бірлігіміз жарасқан» жобасы аясында «Қоғамдық келісім» ҚММ Тараз қаласындағы этномәдени бірлестіктер ұйымымен келісім шарт жасалды. Этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалар байқауына мектеп педагогтерінің өзге ұлт өкілдеріне арналған авторлық бағдарламалары, оқушылардың ғылыми жобалары жазылып, жүлделі орындарға ие.
М.Х.Дулати атындағы Тараз аймақтық университетінің білім саласындағы менеджмент кафедрасы жанындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» мен №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп - гимназиясы арасындағы ғылыми-әдістемелік және кәсіби-педагогикалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, мұғалімдердің ғылыми жұмыстарына талдау жасалынып, сын пікіріге қол қойылуда.
Ағартушы педагог Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ:ӘЛЕМДІК РУХАНИЯТ, ЗАМАНАУИ ТРЕНДТЕР ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ» атты ІІ Халықаралық педагогикалық оқуларына «Жылдың жүз үздік жобасы-2020» атты ғылыми жұмыстар шеруіне 12 ұстазымыз өз тәжірибелерімен бөліссе, 6 мұғалім дәрежелі орындармен марапатталды. Америка құрама штаттарының Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының қолдауымен өткен FLTA (Шетел тілін оқыту бойынша көмекші құрал) бағдарламасы тақырыбында ауылдық мұғалімдерінің арасында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, жас маман Бидайбек Әсел Алғыс хатқа ие болды.
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ІV Республикалық этномәдени форумында «Лучший педагогикалық мақалалар» атты байкауынын жинағына «МҰҚАҒАЛИ МҰРАСЫ МЕН МАРЖАН ПОЭЗИЯСЫ-БОЛАШАҚ ҰРПАҚТЫҢ ҚАСТЕРЛІ ҚАЗЫНАСЫ» тақырыптары жарияланып 32 мұғалім І,ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Музыка пәнінің мұғалімі Қарабаева Шолпан Минетбекқызының «Шаттық» вокал тобы мен жеке орындаушы шәкірттері республикалық, халықаралық байқауларына қатысып, мектептің алтын қоржынына бір жылдың ішінде 421 мадақтаманы ұсынды.
Ағылшын тілі пәндерінің жас маман мұғалімдері Солтанай Г.Д.Абай шығармаларын қазақ, орыс, ағылшын тілінен орындаудан аудан бойынша «Хәкім Абай» атты байқауда I дәрежелі дипломмен марапатталса, Садырбаева Т.У. қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген дарынды жастар арасында ұйымдастырылған «Тілдарын-2020» облыстық олимпиада да Бас жүлдемен, бағалы сыйлықпен марапатталды. «Лучший авторлық бағдарлама» облыстық байқауыныңжеңімпазы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кенжебаева Толғанай Шерахметовна І дәрежелі дипломмен, республика деңгейінде мадақтама алды. «Білім өркениет» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы ұйымдастырған «Жылдың жүз үздік ғылыми жобасы-2020» республикалық материалдар жинағына, ғылыми жобалары енді. Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті ұйымдастырған «Лучший сабақтар жинағы» атты облыстық байқауда өзін–өзі тану мұғалімі Баймақашева Ұ.С. ІІІ орынмен марапатталды, сонымен қатар аудандық білім бөлімі кабинеті ұйымдастырған «Лучший география пәнінің мұғалімі-2021» байқауда Нызамадинова М.М бірінші орын алса, информатика пәнінің мұғалімі Сәрсен Сәния «Алтын диск» байқауында бірінші орын, бастауыш сынып мұғалімі Жұмаділ А.М. «Жаңғыру жолындағы белесім» атты жас мамандар байқауында бас жүлде алды, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Солодовникова Ю.П Республикалық «Лучший педагог» атағын беру байқауының екінші орын жүлдегері. М.Мақатаевтың 90 жылдығына қарай ұйымдастырылған «Алатаудың мұзбалағы» байқауында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ақшабаева Г.Б. 3-орын алды.
Пән мұғалімдері № 514 бұйрықтың негізінде КИО, НИО, ТИО байқауларына қатысып, 2462 жүлделі орындарға ие болып, түрлі дәрежедегі дипломдармен марапатталды.
Республикалық пән олимпиадасына 5-6, 9-11 сыныптардан 76 оқушы қатысып, 44 оқушы аудандық деңгейде жүлделі орынға ие болды, облыс көлемінде 10 оқушы жүлделі 1-3 орындармен марапаталып, Зотова Таисия республикалық кезеңде ІІІ орынға шықты. Аудандық білім бөлімнің ұйымдастыруымен 3-4 бастауыш сыныптар арасында өткен пән олимпиадасында 9 оқушы жүлделі орын алды. Жалпы пән олимпиадасында 53 оқушы жүлделі орын алып отыр.
«Экологиялық пирамида", «Абай - аудармаларының тілі», «Менің кіші Отаным» атты ғылыми жоба байқауларында аудандық, облыстық, республикалық кезеңдерде I,ІІ, III орынмен марапатталса, бастауыш сынып оқушылары аудандық ғылыми жобалар байқауында жұмыстары нәтижелі болып, 1,2,3 орындарға қол жеткізді,«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Халықаралық Аль-Фараби атындағы жаратылыстану бағытындағы математика пәні олимиадасына 13 оқушы І, ІІ дәрежелі дипломдармен, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы ұйымдастырған «Алаштың айбыны- Бауыржан Момышұлы» атты мәнерлеп оқу байқауында ІІІ орын, аудандық білім бөлімі ұйымдастырған 8-11 сынып оқушылары арасында «Абай әлемі» атты шығармашылық байқауда ІІ дәрежелі диплом, «Алатаудың мұз балағы» атты шығармашылық байқауында «Поэзия Хантәңірі» номинациясы бойынша II орынмен марапатталды.
Нәтижесінде: 2021 оқу жылында түрлі байқаулардың жүлдегерлері болған оқушылар саны – халықаралық деңгейде – 906, республикалық – 2312, облыстық -187.
Қорыта келе, түрлі байқаулар мен сайыстардан жинаған мадақтамалардың саны (5100) бес мың бір жүз болып есептеленіп, көрсеткіш нәтижесінде жоғары ұпайға жетті. Педагогикалық ұжым келесі 2022 жылында жұмысын дамытуға бағыттайды.