Семинар » СШ №1 им. Конаева
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназия"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72636) 4-87-23
Бухгалтерия
+7(72636) 4-87-23
Версия для
слабовидящих
17
январь
2020

Семинар


2020 жылы 17 қаңтар күні, №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы базасында «Мектеп саласында ақпараттық-коммуникативтік басқару технологияларының дамуында ІТ-орынбасарларының рөлі» тақырыбы бойынша Қордай ауданының IT-орынбасарларына арналған семинар-практикумы өткізілді. Семинарды аудандық білім бөлімінің бас маманы Самакова Г.Б. ашып, келесі сөзді информатика пәні мұғалімдерінің әдіскері Баянов Е.А. берді. Аудан бойынша 38 ІТ-орынбасар қатысып, «ІТ-орынбасарлардың функционалды қызметтері мен құқықтары. ІТ-орынбасарларының номенклатурасын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша мәселені қарастырды. Тұрмаханбетова А.Д. «Күнделік жүйесінде қосымша білім беру бөлімшесін ұйымдастыру» тақырыбында практикалық жұмыс жүргізді. Арынова А.Ч. ҰБДҚ және Күнделік функциялары бойынша түсіндіру жұмыстарын қарастырып, дөңгелек үстел ұйымдастырды.