18
март
2024
“Әйел үйде-шуақ, қоғамда-тірек” іс-шарасы
№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында 22 наурыз “Ұлыстың ұлы күні” мерекесі қарсаңында “Әйел үйде-шуақ, қоғамда-тірек” атты мектебіміздің нәзік жанды, аяулы аналарымен кездесу іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға 4 ата-ана қонақ болып келді. Үлкен өмірге аяқ басып, аянбай еңбек етіп, бүгінде осындай мақтан тұтарлық жетістіктерге жетіп, сонымен қатар бала тәрбиелеп отырған аналарымыздың болашақ жас түлектерге айтары мен берер құнды кеңестері көп болды.


