09
октябрь
2023
Жалпы ата-аналар жиналысы
№ 1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында 2023-2024 оқу жылының басында Ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 1-11 сынып ата-ана комитеті, сынып жетекшілер қатысты. Жиналыс барысында директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Чарипбеков оқушылардың мектеп формасын сақтауы, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың діни жоралғыларға негізделген тәрбиеге араласпау туралы, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексі, 442 бабы түнгі қаңғыбастықтың алдын алу бойынша түнгі 22:00-6:00 аралығында көшеде жүрмеу туралы түсіндірілді. Келесі сөз директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Аденова орта білім беру ұйымдарында балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша нұсқаулықпен таныстырды. Ата-аналардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.


