18
апрель
2024
Мамандармен кездесу.
№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу туралы жүргізілген іс-шаралар. Мақсаты: мектеп ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың сонымен қатар нашақорлықтың және есірткі бизнесінің алдын-алу, оны болдырмау 2023-2024 оқу жылының 18 сәуір күні №1 Дінмұхамед Қонаев мектеп- гимназиясының мәжіліс залында, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу мақсатында 9,10 сынып оқушылары арасында профилактикалық іс-шара жүргізілді. Аталған шараға аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының қызметкері- полиция лейтенанты, Бейсехан Руфат Қанатұлы, аудандық аурухананың қызметкерлері қатысып, “Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстық алдына-алу және ескерту туралы”, сондай-ақ оларға қатысты жасалатын қылмыстық жолын кесу туралы түсіндіру және ұялы телефондарды тиімді пайдалану, жалған ақпарат таратпау туралы жұмыстарын жүргізді, сонымен қатар полиция қызметкерлері оқушы сабақтан себепсіз он кун қалған жағдайда ата-аналарға Администрация кодексінің 127 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ескертіп кетті.Жасөспірімдер арасында түнгі уақытта, яғни 22:00 ден кейін ойын сауық, кафелерде ата-аналарсыз немесе заңды өкілдерінсіз жалғыз жүрмеуі сонымен қатар оқушылардың 23:00 ден кейін үйден шықпауы туралы аудан полиция қызметкерлері және мектептің құқық пен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Чарипбеков Т.К. бірлесе түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ерекше тоқталып кетсек, оқушыларға есірткі заттарын және шылым шегудің денсаулыққа тигізер зиянды қасиеттері айтылды. Сонымен жол жүру ережесін сақтау жайлы оқушылар арасында сұхбат жүргізілді.
Ерекше тоқталып кетсек, оқушыларға есірткі заттарын және шылым шегудің денсаулыққа тигізер зиянды қасиеттері айтылды. Сонымен жол жүру ережесін сақтау жайлы оқушылар арасында сұхбат жүргізілді.