10
май
2024
“Оқуға құштар мектеп” жобасы
“Оқуға құштар мектеп” жобасын іске асыру аясында «Оқырман ұрпақ» жобасы жүзеге асырылуда. Осы орайда мектебіміздің дарынды, алғыр, шығармашыл 1-11сынып оқушылары өз ойларынан ертегі шығармаларын кітап қылып шығарды. Мәселен 11 Ә сынып оқушысы, 2022 жылдың «100 кітап», «30 кітап» әдеби шығарма сайыстарының жеңімпазы – Меделхан Айару.Орыс жазушысы көпке белгілі Лермонтовтың “Герой нашего времени” шығармасын алып қазақ тіліне дәлме-дәл аударды, соңында кейіпкерді жақсы жолға бағыттайтын жаңа сюжет арқылы “Қайта жаңғырған қаһарман” атты кітабын жазды. 2 А сынып оқушысы, Бауыржан Маликаның сүйікті өлкем-Қордай өңіріне шығарған алғашқы кітабы «Алтын бесік-Қордайым» атты саяхат-кітабы жарық көрді. 2 Ә сынып оқушысы, Шаттық вокал тобының мүшесі Эдик Айша «Түйме планетасындағы оқиға» атты кітабын жазды.Асылбек Иманғали, Болысбаева Алтынай, Итыгулова Айзере, Жаксыметова Толғанай, Озиева Арзу, Марат Нұрали, Ибрагим Мөлдір, Үркімбай Айсұлтан, Бауыржан Алида, Шопен Жанерке,Калабай Дана, Сидорова Зара, Жақсымбай Әлихан, Есназар Ильяс, Калачева Злата,Мықтыбек Асылхан,Сыздыков Амирхан т,б оқушылар өз кітаптарын жарыққа шығарды. Жоба аясында әр оқушынының қызығушылығын арттырып, өмірлік адамгершілік қасиеттерді ажыратуды үйретті. Оқушылардың бойында өздеріне деген сенімділіктері арта түсті. Кітап оқудың еш, кеші жоқ. Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
