БОС ЖҰМЫС ОРНЫНА БАЙҚАУ » СШ №1 им. Конаева
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназия"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72636) 4-87-23
Бухгалтерия
+7(72636) 4-87-23
Версия для
слабовидящих
» » БОС ЖҰМЫС ОРНЫНА БАЙҚАУ
17
октябрь
2022

БОС ЖҰМЫС ОРНЫНА БАЙҚАУ

БОС ЖҰМЫС ОРНЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ!
Байқау уақыты:17.10.2022 – 26.10.2022 жыл аралығында
1.Білім беру ұйымының атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп- гимназиясы
2. Мекен-жайы: Қордай ауылы, Волкова 1 улица
3. Пошталық мекен-жайы: 080400
4. Контакты телефоны: жұмыс: +7 (72636) 4-23-87, ұялы телефон: 87756714525
5.Электрондық пошта:E-mail: mg1bilim@mail.kz
6. Қажетті маман: Қосымша білім беру педагогі (2 бірлік)
1. Қосымша білім беру педагогінің негізгі лауазымдық міндеттері:
қосымша білім беру саласында білім алушылардың әр түрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады;
үйірмелердегі, секциялардағы, студиялардағы, клубтық және басқа да балалар бірлестіктеріндегі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің құрамын жинақтайды, оларды оқу мерзімі ішінде сақтау жөнінде шаралар қабылдайды;
қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сабақ жоспарлары мен іс-шаралар бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
белгіленген құжаттаманы жүргізеді;
психофизиологиялық мақсатқа негізделген жұмыс формаларын, құралдары мен әдістерін педагогикалық негізделген таңдауды қамтамасыз етеді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін анықтайды, жеке тұлғаның дамуына, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің дербес қызметін, оның ішінде зерттеу қызметін ұйымдастырады, білім беру процесіне инновациялық технологияларды қосады, оқытудың практикамен байланысын жүзеге асырады;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды;
білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижесін бағалайды;
дарынды және талантты білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдайды;
әр түрлі деңгейдегі және бағыттағы іс-шараларға балалардың қатысуын ұйымдастырады;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің каникулдық демалысын ұйымдастыруға қатысады.

Похожие публикации:

29 март 2022 байқау