23
сентябрь
2022
Салтанатты ұлықтау рәсімі
22 қыркүйек күні №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының президентін ұлықтау салтанатты рәсімі болып өтті.
Мектептің өзін-өзі басқару ұйымының президент ұлықтау салтанаты рәсімінде
Қазақстан Республикасының әнұраны шырқалып, "Шаттық" вокал тобы "Атамекен" әнін орындады.
Мектеп президенті Керубай Мейірім АНТ қабылдағаннан соң, мектеп директоры С.Саргаскаева ұлықтап, мектептің өзін-өзі басқару ұйымының президентін құттықтады.
Мектептің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері тағайындалды.
Оқушылардың өзін-өзі басқаруы – бұл мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруға қатысу формасы, ол оқушылардың мұғалімдер құрамымен және мектеп әкімшілігімен бірге оқу үдерісін ұйымдастырудағы мәселелерді шешуге қатысуын қарастырады.
Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымы қызметінің негізгі мақсаты: оқушылардың мектепті басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар, шешім қабылдауға қабілетті, жауапты және тәртіпті, өз бетінше таңдау жасауға дайын және мектепте белсенді өмірлік ұстанымға ие тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
Жоғарыдағы мақсатта мектептің оқушылары арасында өзін-өзі басқару ұйымының құрамындағы фракция жетекшілеріне сәттілік тілейміз❗️ Мектептің өзін-өзі басқару ұйымына артқан үмітіміз зор❗️