Аттестат тапсыру рәсімі » СШ №1 им. Конаева
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназия"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72636) 4-87-23
Бухгалтерия
+7(72636) 4-87-23
Версия для
слабовидящих
» » Аттестат тапсыру рәсімі
15
июнь
2021

Аттестат тапсыру рәсімі

№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының алаңында ашық аспан астында 14.06.21ж санитарлық талаптарды сақтай отырып, 
11 сыныптарға арналған салтанатты аттестат тапсыру жиыны болып өтті. Мектеп дәстүрлерін насихаттау және сақтау, білім құндылықтарын қалыптастыру, білім туралы құжатты алудың адам өміріндегі маңыздылығы, патриотизмге тәрбиелеу, жастардың бойында жоғары әлеуметтік белсенділігін және бәсекеге қабілеттілігін дамытуға ықпал жасау, Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып, 
"Аттестат тапсыру" рәсімі үш бөлімнен құралды. 
I кезең: сағат 10.00-ден бастап. Салтанатты бөлім (Аттестат беру, «Алтын белгі» және ерекше үлгідегі аттестат иелерін марапаттау).
- аттестаттар тапсыру;
- құттықтау, тілек айту
- музыкалық құттықтау. 
Лучший аттестатты Байділда Дариға және Сарсенгали Мадина алды. 

Оқушылар санитарлық талаптар 1,5 м әлеуметтік арақашықтықты сақтады.
Санитарлық талап бойынша 11-ші сыныптардың әр баланың отбасынан бір ата-анасы ғана бетпердемен кіргізілді. Оқушылардың үлкен өмірге қанаттанғалы тұрған ең соңғы сәттерінде "Сәт сапар, жас түлек!" әуенімен шығарып салынды.