19
март
2021
Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз мерекесі
Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі онлайн түрде іс-шаралар жоғары деңгейде аталып өтті.1-11 сыныптар арасында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.Мектебіміздің кіреберіс жеріне безендірулер жасалып,мектебіміздің мұғалімдері ұлттық киімдерін киіп,Мен ұлттық киіммен мақтанамын атты челленджді басқа мектептерге жолдады.Мектебімізде онлайн форматында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, әр сыныптың оқушылары құттықтаулар жолдады.Бейнероликтер жасалып,мектептің тобына жіберілді.Еңбек пәні мұғалімдері "Ұлы даланың қолөнері" атты көрме ұйымдастырды.1-5 сыныптар арасында "Наурыз нұры-достық жыры" атты сурет байқауы өтті.Оқушылар өздерінің наурыз мерекесіне арнап суреттерін салып,жүлделі орын алған оқушылар марапатталды. "30 балаға мейірім шуағы" қайырымдылық іс-шара аясында мектептің әлеуметтік педагогы Сейлханова Н.С ұйымдастырған "Ұлыстың ұлы күні -Наурыз" атты акция барысында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сыйлықтар таратылды. Наурыз тойы-мерекем, салт-дәстүрім -берекем атты 1-11 сыныптар арасында құттықтаулар түсірілді.
Бар тіршілік наурыздан басталады"30 түп ағаш егу" атты 1-11 сыныптар арасында 1 түп ағаш отырғызу егу акциясы ұйымдастырылды. Акцияға кезекші сыныптар қатысты. Акция барысында 30 түп жеміс ағашы жиналып, мектеп мұғалімдері сенбілік жасап, мектеп алаңына отырғызды.