div>
 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 

Стресті жеңу үшін не істеу керек?

Автор: admin от 20-12-2017, 04:02, посмотрело: 211

0

Стресті жеңу үшін не істеу қажет?


Біріншіден: стресс кезінде ағзада витаминдер қоры бітеді, әсіресе, В витамині жетіспейді. Дәрігерлердің көбі витаминдерді пайдалану қажет десе де, шамаңыз келсе пайдаланбаған жөн.

Екіншіден: денені шынықтыру қажет. Спортзалға жиі барып дене шынықтыру жаттығуларын жасаңдар, билеңдер, ән айтыңдар, бассейнге барып жүзіңдер, далада көп серуендеңдер.

Үшіншіден:психикалық және физикалық демалу үшін релаксация қажет. Келесі әдістерді қолданып көріңіздер: баяу музыканы тыңдап, түнгі аспанға қарап армандаңдар.

 Төртіншіден: үйлесімді өмір сүру үшін ең алдымен отбасының, жолдастарыңның, жақын-туыстардың көмегі қажет. Психологиялық тренингтерге барып, жанұядағы салтанатты мәжілістерге, тойларға баруды және қызықты жаңа адамдармен танысуды ұмытпаңыздар. Ата-аналарыңа, өзедріңнің әжелері мен аталарыңа, ағаларын мен апайларыңат және басқа жақын-туыстарынат барып, амандығын білуге тырысыңыз. 

 

Орындаған: мектеп психологы Керимкулова А.А             

 


 

 

Категория: Психологиялық көмек көрсету

 

Мектептегі психологиялық қызмет

Автор: admin от 19-04-2017, 14:09, посмотрело: 1198

0
Мектептегі психологиялық қызмет

Психологиялық сүйемелдеуді  ұйымдастыруда  келесілер басты жұмыс түрі болып саналады:  ағарту, диагностика (мониторингті анықтау), түзету және сараптау. Психологиялық сүйемелдеу балалармен түзету-дамыту жұмыстары ғана болып табылмайды, сонымен қатар оқу үрдісіне  қатысушылардың  дамуда, оқуда, тәрбиедегі мәселерін шешудегі  қолдау мен көмектің  кешенді технологиясы. Және мектептен тыс ұйымдармен-ішкі істер бөлімінің кәмелеттік жасқа толмаған балалар ісі жөніндегі инспекторлармен, аудандық мектептермен, ауылдық және аудандық әкімшіліпен, білім бөлімімен бірлесіп жұмыс атқарамыз.

Психологиялық қызметтің мақсаты – оқушылардың  психологиялық  денсаулығын сақтап қалу және нығайтуда психологиялық-педагогикалық жағдай жасау.

Осы мақсатқа жетуде келесідей басты міндеттерді орындау қажет:

      Балалардың психологиялық денсаулығының деңгейін бақылап отыруға мүмкіндік беретін

      психодиагностикалық әдістемелер  банкін құру;

     Оқушылар ұжымы мен балалардың жеке психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

      Балалардың психологиялық денсаулығының мониторингін жасау.


       Бірінші және екінші тоқсанда психологиялық сүйемелдеудің міндеттерін атқару аясында жоспарға сәкес мектеп жағдайларына бейімделуді қамтамасыз ету, мектепте оқу ынтасын көтеру,  шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстары жүргізіледі, мектеп педагогтарымен бірлесіп бірінші сынптардың бастапқы мүмкіндіктерінің диагностикасы («мектепте оқуға дайындығын анықтау», «мұғалімнің балаларда оқушы позициясын қалыптастыру бағасы»); ата-аналар мен мұғалімдерге сауалнама жүргізу. Алынған нәтижелерді жеке анықтау жұмыстары мен ағарту-түзету жұмыстарын  ұйымдастыруға қолданылады.

Бірінші және бесінші сынып оқушыларының бейімделу деңгейін бақылау мақсатында бірнеше диагностика («Мектептегі мазасыздықтың диагностикас» (Филлипс тесті), «Оқу мотивациясы», «Оқу бағдарламасын эмоционалды қабылдау») жүргізіледі, оқушылардың сыныптың психологиялық ахуалын бақылау үшін сабақтарына қатысу. Диагностиканың нәтижелері бойынша  жеке ағарту және түзету жұмыстары  ұйымдастырылады

Сонымен қатар әр тоқсанның  тоқсанның қорытындысы бойынша үлгермеуші оқушылар анықталып, олармен оқуда үлгермеуінің себептерін анықтау мақсатында жеке жұмыстар жүргізіледі.

 

 

 

     Баланың әлеуметтік мүмкіншілігін ынталандыру мен дамытуға бағытталған оқушылармен түзету-дамыту жұмыстары жүргізіліп отырады. Атап айтатын болсақ, бейімделу процесін жеңілдету және мазасыздықтан арылту мақсатында оқу жылының бірінші тоқсанында 1 сынып оқушыларына «Орман мектебі» бағдарламасы бойынша психологиялық сағаттар өткізілді, 5-сынып оқушыларымен «Менің сыныбымның ғаламшары», «Иесіз жер» тақырыптарында тренингтік сабақ, екінші тоқсанда «Қарам-қарсы қадам» бағдарламасы бойынша 2-3 сыныптарды тренигтер, 4 сыныптармен «Келешек әлеміне саяхат» тақырыбына тренингтер жүргізілді. Сонымен қатар қараша айында «Мақсаты бір үшеудің бірлігі: мұғалім, оқушы, ата-ана» тақырыбында пән мұғалімдері мен ата-аналардың, оқушылардың қатысуымен коучинг ұйымдастырылды.

Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп жасындағы балаларды, орта буында, әлеуметтік бейімделу дағдысын қалыптастыру, психологиялық денсаулығын сақтау мен нығайту мақсатында «Бірінші сынып оқушысының бейімделуі», «Бесінші сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі» бағдарламалары бойынша түзету-дамыту жұмыстары жүргізіледі. Жоғағы сыныптардың психологиялық денсаулығын сақтау мақсатында 11-сынып оқушыларымен ҰБТ-ны және қорытынды аттестаттауды тиімді тапсыру үшін жүйелі түрде психологиялық тренингтер жүргізіліп отырады. «Сенім менің серігім», «ҰБТ-ға сеніммен барайық», «ҰБТ-ға психологиялық дайындық», «Сенімділік күш береді» т.б. тақырыптарда тренингтік сабақтар жүргіліп отырады. Бұл жұмыстың нәтижесі оқушыларға сынақ алдында қорқыныштан арылуға, қобалжу деңгейлерін төмендетуге, өз күштеріне, өзіне деген сенімін арттыруға көмектеседі.

Психологиялық денсаулығын сақтау және нығайтуға бағытталған оқушыларды психологиялық сүйемелдеу моделін жүзеге асыруда келесі нәтижеге қол жеткізуге болады:

1. Кәсіби деңгейін жетілдіру (психолого-педагогикалық біліктілік деңгейін жоғарлату);

2. Психологиялық монитринг нәтижелері оқушылардың  оқу ынтасы мен өзін бағалауы жоғарлағанын, мектептегі қобалжу көрсеткішінің төмендегенін көрсетеді;

3. Барлық деңгейдегі базалық компоненттердің қалыптасуының жағымды динамикасы (салауатты өмір салы және денсаулығына бағалы  қатынасының қалыптасуы, түрлі спортпен шұғылдануға және  жаттығуларды орындауға жағымды ынтасының қалыптасуы және т.б.).

Педагог-психолог қызметіні жемісті болуының негізі тек жоғары біліктілігі ғана емес, сонымен бірге мектеп өміріне белсенді қатысу болып табылады деп есептеймін. Атқарылған жұмыстардың нәтижесі психолог пен педагогикалық ұжымның білім беру жүйесіндегі оқыту-тәрбие жұмысындағы кәсіби қарым-қатынастың біртұтастығын, оқушылардың психологиялық  денсаулығын сақтауға бағытталып құрылған психологиялық қызметтің  моделінің маңыздылығын  көрсетеді.

Категория: Психологиялық көмек көрсету

 

Кәсіп таңдау

Автор: admin от 15-04-2017, 14:44, посмотрело: 217

0

Кәсіп таңдау

       Кәсіптік қызығушылықтары мен бейімділігін дамыту мақсатында 9 сыныптармен «Кәсіптік өзін-өзі анықтау» тақырыбында, 7 сыныптармен «Мен және мамандық әлемі» тақырыбында психологиялық сағаттар өткізілді. «Мамандық мемлекетіне саяхат» тақырыптарында тренингтер жүргізіледі. Бұл балалардың мамандық таңдаудағы кәсіптік бағытын анықтауға жағымды ықпал етеді.


 

 

 
 

Категория: Психологиялық көмек көрсету

 

"Салауатты өмір салты" психологиялық тренингтер

Автор: admin от 11-04-2017, 15:30, посмотрело: 689

0
Салауатты өмір салты

   Оқушыларды салауатты өмір салтына үйрету үшін белсенді жұмыс түрлерін қолдануы қажет. Осы мақсатта оқушылармен психологиялық ойындар, тренингтік сабақтар, сынып сағаттар, кездесулер жүргізіледі. Арт-терапияның тиімді тәсілдерін қолданып, жүзеге асырылады. Бұл жұмыс түрін практикада қолдану (топтық және жеке) баланың әлеуметтену мүмкіндігін кеңейтеді, эмоционалды және психологиялық жағдайын үйлестіреді. Осыған орай оқушылармен 9-10 сыныптарға "Өмір маған керек-мен өмірге керекпін", «Жастарға ИӘ!, нашақорлыққа ЖОҚ!» тақырыбына тренингтік сабақ, 7-8 сыныптарға «Есірткі- ХХІ ғасыр дерті» тақырыбына дөңгелек үстел, 11-сыныптармен «Токсикомания» тақырыбына тренингтік сабақтар жүргізілді. «Темекі шегудің зияны», «Спорт- жарқын болашақ», «Салауатты өмір салты» тақырыптарында дөңгелек үстелдер, тренингтік сабақтар жоспарланып жүргізілді. Бұл жұмыстың қорытындысы балаларға салауатты өмір салтын ұстану білімін кеңейтіп, жоғарылатуға көмектеседі. Балаларға өз денсаулығын  не үшін, қалай күту керектігін, салауатты өмір салтын ұстануға ережелерін түсінуге, өмірлік түрлі жағдайларда өзін ұстауды үйретеді.



Категория: Психологиялық көмек көрсету