div>
 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Жас мамандарға көмек

Автор: admin от 1-03-2018, 21:14, посмотрело: 213

0
 
 
 
Жас     мамандарға     көмек
 

 

Жас мамандарға көмек

 


Категория: Әдістемелік кеңес

 

«Критериалды бағалаудың қағидалары, теориялық негіздері»

Автор: admin от 9-12-2017, 14:17, посмотрело: 864

0

 

Коучинг –сабақ


«Критериалды бағалаудың қағидалары, теориялық негіздері»


Мұғалімі: Унербаева Л.Қ


 

Коучинг тақырыбы:

Критериалды бағалаудың қағидалары, теориялық негіздері

Мақсаты:

Тыңдаушыларға критериалды бағалаудың қағидалары, теориялық негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру

Күтілетін нәтиже:

Критериалды бағалаудың қағидаларын біледі, теориялық негізі туралы түсінік қалыптасады.

Сілтеме:

Әдістемелік нұсқау

Оқу нәтижесі:

Тыңдаушылардың критериалды бағалау бойынша білімі толықтырылады, сенімділік артады, үздіксіз ізденісте болады.

Негізгі идеялар:

Критериалды бағалаудың теориялық негіздемелерінің болуы және критериалды бағалаудың оқыту мен бағалаудың өзара байланыста, шынайылық, ашықтық, анықтық, сенімділік, үздіксіздік дамыту бағыттары болған жағдайларда ғана жүзеге асырылуы.

Ұйымдастыру кезеңдері:

Коуч мұғалімнің іс -әрекеті

Қатысушы мұғалімдердің іс-әрекеті

1.Топқа бөлу

2.Миға шабуыл

Фигураларды тарату арқылы бес топқа бөлу

Критериалды бағалау қандай қағидаттарға сәйкес жүзеге асырылады?

І топ, ІІ топ, ІІІ топ, ІV, V топқа бөлінеді .

Қатысушылар жауап береді.

Тапсырма

І Әр топқа төмендегідей тақырыптар беріледі. «Терминдер сөйлейді» әдісі.

1 «Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы»

2 «Шынайылық, анықтық және валидтілік»

3 «Ашықтық және қолжетімділік»

4 «Үздіксіздік»

5 «Дамыту бағыты»

 

ІІ «ДЖИГСО» әдісі бойынша критериалды бағалаудың теориялық негіздеріне қатысты мәтіндер таратылады.

Кері дизайн

Әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясы

Жақын арадағы даму аймағы

Скаффолдинг теориясы

Оқу мақсаттарының таксономиясы

 

Әр топ берілген тақырып бойынша жұмыс жасап,

постер қорғайды.

 

 

 

Топ мүшелері өздері жеке оқиды, көрші топ мүшелерімен талқылайды, қайта өз топтарында талдайды.

Бағалау

Әр топтың жұмысын «Бес бармақ» әдісі бойынша бағалау.

Топтар бір-бірін бағалайды.

Кері байланыс:

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы пікірлерін білдірулерін сұрайды.

К.Б., принциптері мен теориялық негіздері туралы пікірлерін білдіреді.

Рефлексия

 

 

 

Категория: Әдістемелік кеңес

 

«Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау»

Автор: admin от 30-10-2017, 13:49, посмотрело: 10653

15

Коучинг –сабақ

«Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау»

Мұғалімі: Унербаева Л.Қ

 

Сабақтың тақырыбы

«Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау»

Жалпы мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау туралы түсінік беру, тәжірибелеріне  енгізуге бағыт-бағдар беру.

Күтілетін нәтиже

Модерациялау туралы біледі және  оқу үрдісінде қолдана алады.

Дереккөздер

Қалыптастырушы және тоқсандық жиынтық бағалауға арналған басшылық

Пайдаланған құралдар мен материалдар

презентация, постерлер, маркерлер, стикер.

Жүру барысы:

Коучтың іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

Сәлемдесу «Мен саған сенемін»

  Қатысушылар жұп құра отырып, бір-біріне деген сенімдерін жеткізеді.

 

«Миға шабуыл» стратегиясы

 Мұғалімдерге  ҚЖБ модерациялау туралы сұрақтар қойылады.

Коуч түсіндірмесі: Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау

туралы түсінік беру

Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау  туралы түсінік алады.

«Рөлдегі капитан» ойыны арқылы топтарға бөліну.

Ойынды ойнау арқылы топтарға бөліну.

Постер

Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау не үшін жүргізіледі? Жұмыстарды дәстүрлі бағалап, кейін өздері құрастырған критерийлер бойынша бағалайды.

Сергіту сәті «Мұғалімдердің жиі қолданатын сөз тіркестері»

Сергіту сәті арқылы жағымды психологиялық көңіл-күй орнайды.

Практикалық жұмыс

 

Мұғалімдерге оқушы орындаған және тексеріліп бағасы қойылған жұмыс беріледі. Модерациялау тобын құрып жұмысты тексеріп, қорытынды баға қояды.

 

«Сен маған, мен саған» стратегиясы

 Мұғалімдер үшін қаншалықты сәтті болғанын бақылау  үшін, тақырып бойынша топтар бір біріне сұрақтар қояды.

Рефлексия

Қатысушылар коучингтен алған әсерлерін  «Білдім, білгім келеді» арқылы білдіреді.

 

 

 

<!-- [if !supportLists] -->1   <!-- [endif] -->Модерация – бағалаудың шыншылдығы мне айқындылығын қамтамасыз ету үшін бағалалауды стандартқа түсіру мақсатында бір сынып және бір пән мұғалімдері арасында жиынтық жұмысты талқылау жұмысы;

 

ТЖБ модерациясына шолу

 Оқу нәтижелерін бағалаудың айқындығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін ТЖБ модерациясы бойынша отырыс ұйымдастырылады. Онда оқушылардың қалыптастырушы бағалау кезінде пән бойынша орындаған тапсырмаларының нәтижелері талқыланады. Модерация әр тоқсанның аяғында өткізіледі. ТЖБ өткізілген соң модерация 3 күн ішінде өткізіледі. Алдын-ала модерация уақыты мен өткізу орны жоспарланады, талқылауды реттеп отыратын модерация төрағасы тағайындалады. Отырыстағы төраға рөлін әдістемелік бірлестік жетекшісі, кез-келген мұғалім немесе КБКМ координаторы атқара алады. ТЖБ өткізілген соң, мұғалім алдын-ала оқушылар жұмысын тексеріп, балдарды қарындашпен қояды. Тоқсандық  жиынтық бағалаудың модерациясы белгіленген тәртіп бойынша өткізіледі:

1) бағалау стандарты (критерий бойынша ең төмен және ең жоғарғы балл, бағалауы қиындық тудыратын жұмыстар) болатын жетістік деңгейін анықтауы, осыған сәйкес жұмыстарды іріктеуі;

 2) қойылған бағалауды анықтауы, алдын ала бекітілген критерийлерге сәйкес оқушылардың жұмысына соңғы баға беруі және қойылған бағаларды талқылап стандарттауы;

 3) модерация қорытындысы бойынша оқушының жиынтық жұмысына балды қаламсаппен қоюы;

 4) керек болған жағдайда жиынтық бағалаудың нәтижесін жоғарылату және төмендетуі; 6) модерацияны есепке алып жиынтық бағалаудың нәтижесін қоюы;

 Отырыс соңында хаттамаға барлық қатысушылардың қолы қойылады. КБКМ координаторы мен мұғалім өзгертулерді тоқсанды аяқтау есебіне енгізеді.

 

 Тоқсандық  жиынтық бағалаудың модерациясын қорытындылау.

 Модерациядан кейін шешімдер хаттамаға жазылып, орындалуы қажет. Шешімдер төмендегідей бола алады: Оқушылар нәтижелерін электрондық журналға толтыру. · ТЖБ қорытындысы бойынша келесі сабақ жоспарларына оқушы қажеттілігіне сай өзгерістер енгізу. · ТЖБ архивіне толықтырылып енгізілетін материалдарды қарастыру. Жұмыс үлгілері ПӨО-дағы орталық архивке жіберіліп, мұғалімдерге бұрын тексерілген жұмыстар бойынша қосымша үлгі ретінде қолданылады. Мұғалім орталық архивтегі материалды балл қою барысында өзіне сенімді болу үшін қолданады.

«Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау»

 

 

Категория: Әдістемелік кеңес

 

Мұғалімдердің оқу-әдістемелік жұмысы

Автор: admin от 27-04-2017, 00:25, посмотрело: 627

0
 Мұғалімдердің оқу-әдістемелік жұмысы

Мектебімізде Қазақстан Республикасы Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университеті ғалымдарымен бірлесіп жасаған бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) бойынша оқып, сертификатталған 29 мұғалім бар. Осы Бағдарлама идеяларын жүзеге асыру бойынша бұл мұғалімдерден шығармашылық топ құрылып, өнімді жұмыстар атқарылуда.

Мектеп ұжымынан (оқушылардан, ата-аналардан, мұғалімдерден) Талис сауалнамасы жылда алынып, мектептің проблемалық тақырыбы анықталады.

2014 – 2015 оқу жылында Бағдарлама идеясына негізделген 7 модульді ұжымға енгізу бағытында көптеген жұмыстар атқарылды. Критериалды бағалау, Блум таксономиясы, СМАРТ-мақсаттар, ЖАДА, АКТ қолдану, Диалогтік оқыту тақырыптары бойынша 15 коучинг өткізілсе, осы жұмысқа ата-аналар мен оқушыларды кеңінен тарту мақсатында 3 коучинг, 3 конференция ұйымдастырылды. Аудан көлемінде өткен 3 семинар, 2 шеберлік сабағына аудандағы 17 мектептен қатысушылар болды. Өткізілген 2 Лессон Стадидің маңызын мұғалімдер түсіне бастады.

Сонымен қатар мектеп өміріне оқушыларды, әлеуметтік топ өкілдері мен ата-аналарды кеңінен тарту мақсатында «Оқушылар үні», «Ата-ана үні» енгізілді. Оқушыларға арнайы «Ашық есік» күні ұйымдастырылып, мектеп директорына өз ойларында жүрген проблемалық мәселелерді жеткізуіне мүмкіндік туғызылып, хат жазу ұсынылды. Нәтижесінде назардан тыс қалып жүрген кейбір мәселелердің басы ашылып, жедел түрде ретке келтірілді. Бұл жұмыс дәстүрге айналып, оқушылар өздерін толғандырып жүрген мәселелерді ашық жеткізе алатын болды.

Ата-аналармен бірлесіп атқарылған жұмыстың нәтижесінде олардың мектепке деген көзқарастары өзгере бастағанын аңғардық. Әрбір сынып жетекшісі ата-аналар жиналысын коучинг түрінде өткізіп, сыныптағы белгілі бір проблеманы шешуге бағыттады. Нәтижесінде оқушылардың сабақтан себепсіз қалуы азайды, ата-аналардың да мектепке келуі жиілеп, өз баласының оқуына қызығушылық таныта бастады, пән мұғалімдерімен және сынып жетекшілерімен байланысы артты.

 

Мектептегі әдістемелік жұмыстың ажырамас бір бөлігі ретінде өткізілген әдістемелік кеңес отырыстары мен педагогикалық кеңестердің жаңа форматта өткізіле бастағаны – осының айғағы.

2015 – 2016 оқу жылында мектеп ұжымы анықталған проблеманы шешу жолында мектепті дамыту жоспарына сәйкес бірталай әдістемелік жұмыстарды атқарды. Алдыңғы жылғы атқарылған жұмыстар өз жалғасын тапты. Тәлімгерлік күшейіп, кейбір шеберлік сабақтар мен онлайн-сабақтарды, коучингтерді тәлім алушылардың өздері өткізе алатын дәрежеге жетті. Мысалы, З.А.Нуртаеваның тәлім алушысы Д.Б.Абдыкалыкова республикалық деңгейде, Э.А.Ундемесованың тәлім алушысы А.Ч.Арынова облыстық деңгейде онлайн-сабақ көрсетсе, мектеп директоры С.С.Саргаскаеваның тәлім алушысы М.Т.Алмабаев «СМАРТ-мақсаттар» тақырыбында коучинг өткізді.

Аудан бойынша жетекші мектеп ретінде белгіленген мектептермен сыртқы желілік қоғамдастық орнап, байланыс нығая түсті. Мұғалімдеріміз сол мектептерге барып, тәлімгерлік жұмыстармен қатар, коучингтер, дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастырып, өткізді.


 

Категория: Әдістемелік кеңес

 

Семинар-коучинг «Критериалды бағалаудың оқушы ынтасын арттырудағы рөлі»

Автор: admin от 24-04-2017, 10:54, посмотрело: 966

0
Семинар-коучинг

«Критериалды бағалаудың оқушы

ынтасын арттырудағы рөлі»

Мұғалім: Рахыжанова О.О.

 

Семинар-коучинг жоспары

 

Күні:  4.01.17ж

Тақырыбы:

Критериалды  бағалаудың  оқушы ынтасын арттырудағы рөлі

Мақсаты:

Критериалды бағалауда дұрыс критерий, дескриптор құрастыру қажеттілігін  түсіндіру, критерийсіз бағалау қажеттілікті толық қанағаттандырмайтындығын түсіну

Оқытудың нәтижелері:

Мұғалімдер критерий  құрып үйренеді.  Критерийсіз бағалау практикалық тапсырманы орындай отырып,  мінсіз емес екенін түсінеді. Бағалаудың түрлерін біледі.

Негізгі  идея:

Оқушыларды  критерий арқылы  бағалауға үйретеді.

Ресурстар:

Слайд-презентация,  маркерлер, стикерлер.

Сілтеме

Әдістемелік нұсқаулық, «Математика. Сандарды қосу кестесі» тақырыбында ашық сабақ үлгісі

 

Өткізу кезеңдері

Уақыты

Іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

1

 

Сәлемдесу, психологиялық жағымды ахуал  орнату

3 минут

Қатысушылар  түрлі-түсті стикер арқылы топқа бөлінеді.

Көтеріңкі көңіл-күй орнату.

2

Ой шақыру

 

10 минут

Коуч математикадан өткен ашық сабақтың жоспарын ұсынып, Білу деңгейдегі "Санның құрамын" табу тапсырмасын мұғалімдермен бірге талқылайды.

Мұғалімдерге тапсырма: Слайдта берілген тапсырманы критерийге сәйкес орындаңыз.

Тапсырма:

Санның құрамын тап.

Қосындының мәнін өсу ретімен орналастыр.

Бөліктеу бойынша есепте.

9+7=□ -  У     8+3= □ -Қ







 

 


8+4= □ - О      7+7= □ - С

=

Ұсыныстарыңызды А4 түсіріңіз.

Бағалаудағы тапсырманы критерийге сәйкес орындау қажеттілігін түсіну

3

Рефлексия

2 мин

Сабақта  баға  арқылы оқушы  әрекетін белсендіруге  бола  ма?

Сіздің   берген ұсыныстарыңызды қандай   ұғыммен сипаттауға  болады?

Бағалау   арқылы оқушының мотивациясын   қалай көтермелеуге   болады?

Бағалау   туралы түсінікке итермелеу.

Мотивацияны (қажеттілікті) көтермелеу.

4

Мағынаны тану

Критерий, дескриптор  құрастыруға тапсырма

 

15 мин

Мұғалімдерге Қолдану, Талдау деңгейдегі тапсырмалар беріліп, критерий мен дескриптор құрастыру ұсынылады

Критерий

1.есептің шартын түсінеді, шешуін табады  және жауабын жазады.

Дескриптор

(3 балл)

1.есептің шартын тура құрастырады -1

2. шешуін  арифметикалық дұрыс орындайды-1

3.жауабын дұрыс, толық жазады-1

Критерийсіз бағалау мінсіз емес екенін түсіну

5

Ой жинақтау

 Рефлексия

 

5 минут

Топтарда талқылау.

1.Сіз неліктен  қанағаттанбадыңыз?

2.Жақсы баға алу үшін не туралы  білу  қажет  еді?

3.Қай  критерий ұйқаспайды?

4.Бағалаудың критериялары  туралы оқушылар  білу қажет пе?

5. Оқушы өзін-өзі  бағалау үшін критерийларды  қалай құрастыру қажет?

Критерий құрастырудың маңыздылығын түсіну

6

Кері байланыс

Ұсыныстар

5 мин

Семинар-коучингті қорытындылау. Формативті бағалау

 

 

 

Категория: Әдістемелік кеңес

 

КОУЧИНГ «SMART-мақсаттар»

Автор: admin от 12-04-2017, 10:22, посмотрело: 1034

20
Коучинг жоспары
Дайындаған: Абдрасилова С.Т.  

 

Күні

30.09.16ж

Тақырыбы:

SMART-мақсаттар

Мақсаты:

Сабақты  жоспарлау кезінде  сабақ  мақсаттарын анықтау мәселелерін қарастырып, мұғалімдерді SMART-мақсаттарды  нақты  қоюға,  іс-тәжірибесінде пайдалануға бағыттау.

Оқытудың нәтижелері:

SMART  аббревиатурасы  нені  білдіретінін біледі, сабақтың мақсатын, күтілетін нәтижесін ажырата алады, оқыту мақсаттарын  нақты анықтау арқылы   сабақтың оңтайлы, нәтижелі  өтетінін  түсінеді.

Ресурстар:

Стикер, маркер, плакат, суреттер

Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық www.cpm.kz, презентация.

Өткізу кезеңдері

Уақыты

Коучтің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру

 

Топқа бөлу

2 мин

 

Амандасу. Жағымды психологиялық  ахуалды  қалыптастыру мақсатында мұғалімдер бір-біріне тілек айтады.

Геометриялық фигуралар арқылы  қатысушыларды топқа бөледі.

Қатысушылар жақсы көңіл-күймен  сабаққа ынталанады.

Геометриялық фигуралар арқылы топқа бірігеді.

Ой шақыру

Слайд

№ 1-9

3  мин

1. Суреттер көрсетеді, ассоциацияларын тыңдайды.

2. Коучингтің тақырыбы мен мақсатын  жариялайды.

3. Коучингтен не күтетіндерін сұрайды.

Суреттерді көреді, ассоциацияларын айтады.

Стикерлерге жауаптарын жазады.

Мағынаны тану

 

 

 

 

Топтық жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Практикалық жұмыс «Әткеншек» әдісі

Теориялық материал

Слайд

 №10-14

 

7 мин

 

 

Слайд

№15-18

13 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд №19

10 мин

Слайд №20-23

5 мин

1.Мұғалімдерге сұрақ қояды,   диалог жүргізеді. 

Мақсаттар дегеніміз не және олар не үшін қажет?

2. Бейнежазба көрсетеді.

3. SMART-мақсаттар туралы презентация көрсетеді.

4. Тапсырмалар береді.

1-топ:

Бiреудiң өзiне қоя алатын мақсаттардың мысалдарын талдатады:

а. Пәк адам болу

б. Мiнсiз болу

с. Пәк адам мен мінсіз бола отырып,  бақытты өмір сүру.

2-топ:

а. Сурет салу қабiлетiмдi жетiлдiру

б. Былтыр бастаған кiтапты бiтiру

с. Жасым жүзден асып, шөберелерiмнiң тойларын көру

 3-топ:

а.http://www.typingstudy.com сайтында күнделiктi бiр сабақ ала отырып екi аптада қарамай компьютерде жазуды үйрену

б. Ағылшын тiлi бiлiмiмдi жоғары деңгейге көтеру: ағылшын тiлiнде екi сериал қарап шығу (Breaking Bad пен Suits), бес кiтап оқып шығу (кiтаптардын тiзiмiн келтiру) және күнделiктi жұмысқа бара жатқанда NPR радиосын  тыңдау

в. Тепе-теңдi өмiр сүру (интеллектi, рухани, денелiк, әлеуметтi)

Әр топқа практикалық тапсырма  береді.

4. Пәндер бойынша тапсырмаларды талдатады.

5. Сабақ мақсаттарын анықтау бойынша теориялық  материал береді. Үлестірмелі материал таратады.

Сұраққа жауап береді.

 

 

Бейнежазбаны талқылайды.

 

 

 

 

 

 

 

Топта жұмыс жасайды.

 

 

Практикалық тапсырманы орындайды.

 

Өз жұмыстарымен салыстырады.

Ой толғаныс Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлем»

Слайд №24-25

5 мин

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін  кері байланыс  ұйымдастырады.                                                                                                  

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын   жазады.

 


 

 

Категория: Бастауыш қазақ сыныптары ӘБ, Әдістемелік кеңес

 

Мұғалімдерге арналған коучинг сессиясы

Автор: admin от 5-04-2017, 05:00, посмотрело: 445

0
Оқытудағы жаңа тәсілдер. Диалогтік оқыту дегеніміз не?

Кенжебаева Толғанай Шерахметовна

     Жалпы мақсаты:

     Диалогтің маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу.

 

     Диалогтік тәсілдердің түрлерін тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру.


 


 

 


Категория: Қазақ тілі және әдебиеті ӘБ, Әдістемелік кеңес