div>
 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Бастауыш сыныптарда өткен ашық сабақтар

Автор: admin от 6-12-2018, 20:46, посмотрело: 50

2 "Дауыссыз б мен п дыбысы" атты тақырыпта Серкебай М.К. 2 "б" сыныптарда ашық сабақ өтті.

Бастауыш сыныптарда өткен ашық сабақтар
Бастауыш сыныптарда өткен ашық сабақтар
Бастауыш сыныптарда өткен ашық сабақтар

Категория: Бастауыш қазақ сыныптары ӘБ

 

Ашық сабақ

Автор: admin от 26-06-2018, 23:20, посмотрело: 82

0

3 «Ә» қг сыныбы

Мұғалімі: Рахыжанова О.О.

Сабақ тақырыбы

36:12 түріндегі екітаңбалы сандарды бөлу

 

Смарт- мақсаттары

Екітаңбалы сандарды бөлу барысында көбейту кестесін пайдаланып, таңдау әдісі бойынша есептеуге жаттығады;

математикалық тілде сөйлеу арқылы ойларын сауатты әрі толық жеткізеді, қорытынды жасай алады;

өз пікірлерін айтуға, бірлікте жұмыс жасауға үйренеді, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының 4-бағытындағы білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу қажеттілігін білім туралы айтылған ойлар арқылы түсінеді.

Сабақта қолданылатын материалдар

Интерактивті тақта, постер

 

Оқыту әдістері

СТО, Диалогті оқыту, АКТ, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, кері байланыс

 

Дерек көздері

Оқулық, интернет желісі

 

Ойлау деңгейі

Түрткі

(Тапсырма, сұрақ,жағдаят)

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру - мотивациялық кезеңі

Сабақты ұйымдастыру мақсатымен бейнекөрініс.

Бағалау парақтары

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сабаққа сәттілік тілейді:

Қайырлы күн досым,

Қайырлы күн болсын.

Дүйсенбі күнгі сабақ

Сәттілікке толсын.

Хормен жатқа оқиды.

Күй тартамыз күмбірлі,

Ән айтамыз көңілді,

Би билейміз ырғақты,

Біз бастаймыз сабақты.

Білу

1.«Ойлар себеті» әдісі

 

 

 

2.Семантикалық карта

1.Көбейту, бөлу амалдары туралы түсініктерін қайталатады

 

2.Әр оқушыға жеке семантикалық карта таратады, слайд арқылы тексереді

1.Көбейту, бөлу амалдары туралы ойларын ортаға салады

 

 

 

2.Екітаңбалы санды біртаңбалы санға көбейтеді, бөледі. Кестені толтырады.

Бағалау парақтарын толтырады.

Түсіну

36:12 түріндегі екітаңбалы сандарды бөлу жағдайы

Жаңа тақырыпты түсіндіреді:

36:12 өрнегінің мәнін табамыз

Ол үшін 12-ге көбейткенде

36 шығатындай санды таңдап аламыз.

2х12=24, яғни 2 саны келмейді.

3х12=36, демек, ізделінді сан – 3.

36:12=3, өйткені 3х12=36.

Мұғаліммен бірге 36:12 түріндегі екітаңбалы сандарды бөлу жағдайын қарастырады

Қолдану

1.«Плюс» кестесі

 

 

 

 

 

2.Тақтада жұмыс

1.«Плюс» кестесі әдісі бойынша жеке жұмысты ұйымдастырады және слайд арқылы тексереді

 

2.Тақтада жеке оқушыларға тапсырма береді

1.Оқулықтағы 52 беттегі №1 (ә) тапсырмасын орындайды

68:17= 84:21=

92:23= 64:16=

78:13= 85:17=

75:25= 78:26=

 

2. 52 бет №3 мысал. Теңдеулерді шешеді.

у – 150 = 700-450 х 80 = 720

х + 200 = 13 + 400 60 у = 420

53 бет №6 есеп.

Ұзындығы 2 см болатын кесінді берілген, одан 4 см ұзын екінші кесіндіні сыз. Екінші кесінді бірінші кесіндіден неше есе ұзын?

Бағалау парақтарын толтырады.

Сергіту сәті

«Ыстық орындық» әдісі

«Ыстық орындық» әдісі арқылы көбейту, бөлу кестесін сұрайды

Көбейту кестесін қайталап, бекітеді.

Оқушылар сергіп қалады.

Талдау

Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі

Топтық жұмыс ұйымдастырады.

Топтарға жеке тапсырма береді.

52 беттегі №2 есепті шығарады.

Берілген есептердің шешуі мен жауабын постерге жазып, қорғайды.

Бағалау парақтарын толтырады

Жинақтау

«Топтық ізденіс» әдісі

Топтық жұмыс ұйымдастырады.

Топтарға жеке тапсырма береді.

Топтық жұмыс орындайды. Бағалау парағын толтырады.

4

.

=

80

.

.

.

.

3

=

=

=

=

.

=

240

 

Бағалау

Шығармашылық тапсырма

Логикалық есеп береді.

Оқушыларды бағалайды.

Шығармашылық тапсырманы орындайды. Ағалау парақшасының нәтижесін шығарады.

Үй тапсырмасы

 

Үй тапсырмасын түсіндіреді.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады

1. 52 бет, №4 мысал (жазбаша)

Өрнек құрастыру және мәнін табу.

2. 53 беттегі №5 есеп (ауызша) Сағат уақытын анықтау.

 

Кері байланыс

Сұрақтар

Кері байланыс жүргізеді.

-Бүгін сабақта не үйрендің?

-Бүгінгі үйренгенің сен үшін болашақта қажет болады деп ойлайсың ба?

 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбына шығады, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу қажет деген пікірге келеді.

 



Категория: Бастауыш қазақ сыныптары ӘБ

 

«Денсаулық – зор байлық»

Автор: admin от 26-06-2018, 01:04, посмотрело: 315

0

 

Сабақтың тақырыбы: «Денсаулық – зор байлық»


Мақсаты:
Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін

қажетті бағалы байлық екендігін түсінеді.

Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, шымыр да шапшаң,

ұқыпты да жинақы, әдемі болуға үйренеді.


Көрнекілігі: суреттер, мақал - мәтелдер, презентация т.б.

 

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

Ø топқа бөлу: І топ - " Денсаулық "

ІІ топ - " Тазалық "

ІІІ топ - " Дәрумен "

*топ міндеттерін бөліседі.

*топ ережесінеске түсіреді.( 2- мин )

Ø психологиялық дайындық: әр топ бір -біріне " Тілек шоғын "ұсынады.( 1-мин )

ІІ. Ой қозғаукезеңі :

( Әр топқа доплақтыру арқылы сұраймын, оқушыларды смайлик арқылы формативті бағалаймын).
І топ .Ол судан қорқады, одан кір қорқады?(сабын)
ІІ топ.Тіс тазартатын құралдар? (тіс щеткасы мен паста)

ІІІ топ.Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ ? (дене тәрбиесі)

 

Мұғалімнің сөзі:

v Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Денсаулық –зор байлық» деген тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.

v Әр топтың топбасшысы келіп, қобдишадан 2 үлестірмелі кеспені алады.

Тапсырмалар:
1. Денсаулықтың достарына нелер жатады?
2. Ұқыпты да әдемі азамат болу үшін адам денсаулығына не қажет?
3. Денсаулықтың қастары дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Салауатты өмір салтын сақтау дегеніміз не?
5.Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

6.Дені сау болу үшін дәрумендер қажет пе?

v Әр топтан бір оқушы жауап береді. (5 - 7 мин)
Мұғалімнің сөзі:

ØДенсаулық - жеке адамның басты байлығы.
Денсаулық - адам тіршілігінің ең бірінші шарты.
Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы демекші,- бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ . Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды.

 

 

 

 

 

ІІІ. Ой толғау кезеңі

*Топтық жұмыс:

І топ - " Денсаулық - зор байлық "

ІІ топ - " Тазалық денсаулық - кепілі "

ІІІ топ - " Дәрумен " тақырыптары бойынша суреттер және берілген сөздерден " Топтастыру " әдісін пайдаланып,Постер құрады.( 5- мин )

Øорындағында стикері бар оқушы Постерді қорғайды. (3- мин)

(бағалаймын).

ІV Көрініс:«Дәрігер мен бала» атты көріністі тамашалайық.
(есік қағылады. Ішке бала кіреді).
Дәрігер:- қандай себеппен келдің?
Бала:- Басым, көзім ауырады, ұйқым келе береді.
Дәрігер:- Сағат нешеде тұрасың?, нешеде ұйықтайсың?
Бала:- Түнгі 2-3-терде ұйықтаймын, 11 -де тұрамын.
Дәрігер:- Асқа тәбетің қалай? қалай тамақтанасың?
Бала:- қолыма не түседі, соныжейсаламын.
Дәрігер:- Неніұнатасың?
Бала:- Теледидар көргенді, компьютерде ойнағанды ұнатамын.
Дәрігер:- Оған қанша уақыт бөлесің?
Бала:- ұйқым келгенше ойнай беремін.
Дәрігер:- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, бұл бала неліктен ауырады?

Себебін айтып, кеңес беріңдер.( оқушылар өз ойларын айтады )

 

*Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық – ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.

- Балалар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек?
- Иә, дұрыс ол үшін күн тәртібін сақтау керек.

*әр топқа күн тәртібі жазылған үлестірмелі кеспелерді беремін,ретімен

тақтаға магнитпен жабыстырады.( 5- мин)

(бағалаймын).

 

V. Шығармашылық жұмыс:
Мұғалім: Балалар, денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер?

( әр топ кем дегенде 5 мақал - мәтелден айту керек ,жеңген топты смайлик беріп,мадақтаймын.)
1.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
2.Ісің түсіп тақсырға барма,
Аурулы болып бақсыға барма.
3. Бақсы көрінсе дерт қозады,
Ұста көрінсе таға тозады.
4.Жарлының байлығы - денінің саулығы.
5..Ауру атанды да шөктірер.
6.Қотыр қолдан жұғады,
Таз тақиядан жұғады.
7.Бас ауырса жан қорқады.
8.Жұғын бар жерде - шыбын бар,
Шыбын бар жерде - шығын бар.
9.Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені.
10.Жан ауырса - тән азады,
Қайғы басса - жан азады.
11.Өліспеген көріседі.
12.Қасқырдың ойлағаны арамдық,
Қойдың ойлағаны - амандық.
13.Тәуіптің жақсысы - ауруға ауру қоспағаны.
14.Мың жұмақтан - бір күн тірлік.
15.Қасапшыға мал қайғы,
Қара ешкіге жан қайғы.
16.Емнің алды - еңбек.
17.Ауру желмен келіп, термен шығады.
18.Аман болса бұл басым,
Тағы шығар бұл шашым.
19.Азған денеге ауру үйір.
20.Қайғы қартайтады,
Қуаныш марқайтады. (3-4 мин)

(бағалаймын).

 

 

VІ.Сергіту сәті: бейнеүзіндіге қарап жаттығу жасайды. ( 2- мин)


VІІ. " Жүйрік болсаң , шешіп көр"

oБалалар, енді жұмбақтар шешіп көрейік:
Дымқылдап күнде сен,
қолыңа сүйкесең.
Кетіпкір-ласың,
Тап-таза боласың.(Сабын)

 

o Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сүртеді қолын да,
Сүртедіжонын да. (Сүлгі)

 

o Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, өзі жоқ.
Бірақ та тісі бар,
Басыңмен ісі бар. (Тарақ)

 

oБіз едік, біз едік,
Отыз екі қыз едік.
қатар-қатар тізілдік,
Кезек-кезек үзілдік. (Тіс)

 

( тағы жұмбақ қос )(3- 4 мин).

(бағалаймын).

VІІІ. " Кім көп біледі ? "

Мұғалім: мектепте дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Онда арнаулы мамандар иесі қабілетін анықтап, бағыттап отырады. Спорттың түрлері өте көп. Ал, балалар кім көп спорт түрлерін біледі екен? ( әр топтан бір оқушы шығып,жауап береді, көп жауап берген оқушыны мадақтап,смайлик беремін ).

 

(бағалаймын).

 

Мысалы: Стол теннисі, шахмат, хоккей, бокс, баскетбол, футбол ,у-шу, дзюдо, айкидо, таэквондо, «Бәйге», «Қызқуу», «Көкпар», «Аударыспақ», «Жамбы ату».

 

Мұғалім: Олай болса, кезекті спорттықсайыстарға берелік.

*Қол күрес – білек күштерін сынау.

( әр топтан ұл балалар шығады, жеңген оқушыны мадақтап,смайлик беремін).

(бағалаймын).

 

Қорытынды сөз: - Балалар, біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық? (Денсаулық)
- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?(Жаман әдеттен аулақ болуымыз керек)
- Сіздер, қандай азамат болып өсулерің қажет?(Дені сау, ақылды, білімді, адал болып)
- Балалар, олай болса, денсаулық сөзінің мағынасын ашайықшы:
Д - Дәрі шөптен, ақыл көптен.
Е - Емнің алды - еңбек.
Н - Негізгі байлық - денсаулық.
С - Саулық - байлық негізі.
А - Ас - адамның арқауы.
У – Уланудан сақтан.
Л - Ластың досы - шыбын.
Ы - Ыдысы тазаның, ырысы таза.
Қ - қотыр қолдан жұғады.

( Әр топты мадақтап,белсенді топты атап өтіп, үш топқа да смайлик беремін).

 

Мұғалім: « Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір», - демекші, дені сау, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңдер! . Сондықтан болашақта сендерден дені сау, мықты да шымыр, отбасына тірек болатын азамат, азаматша шығады деп сенемін.


Бәрі:-
Тазалықты сүйеміз,
Таза болып жүреміз.
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы мықты жан.

 

-Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 

 

 

Категория: Бастауыш қазақ сыныптары ӘБ

 
 

Бастауыш сынып бірлестігі

Автор: admin от 13-04-2017, 10:15, посмотрело: 349

0

 

      Бастауыш мектеп проблеммасы:

   Бастауыш сыныптағы білім беру үрдісін инновациялық бағытта ұйымдастыру арқылы жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру

      Мақсаты:

    Педагогикалық қызметті жетілдіре отырып, білім, білік, дағдылары қалыптасқан, құндылық қасиеттерді бойына сіңірген, шығармашылық қабілеттері дамыған жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

 
Әдістемелік бірлестік ұжымы

 
 

 

 

 

Категория: Бастауыш қазақ сыныптары ӘБ

 

КОУЧИНГ «SMART-мақсаттар»

Автор: admin от 12-04-2017, 10:22, посмотрело: 903

20
Коучинг жоспары
Дайындаған: Абдрасилова С.Т.  

 

Күні

30.09.16ж

Тақырыбы:

SMART-мақсаттар

Мақсаты:

Сабақты  жоспарлау кезінде  сабақ  мақсаттарын анықтау мәселелерін қарастырып, мұғалімдерді SMART-мақсаттарды  нақты  қоюға,  іс-тәжірибесінде пайдалануға бағыттау.

Оқытудың нәтижелері:

SMART  аббревиатурасы  нені  білдіретінін біледі, сабақтың мақсатын, күтілетін нәтижесін ажырата алады, оқыту мақсаттарын  нақты анықтау арқылы   сабақтың оңтайлы, нәтижелі  өтетінін  түсінеді.

Ресурстар:

Стикер, маркер, плакат, суреттер

Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық www.cpm.kz, презентация.

Өткізу кезеңдері

Уақыты

Коучтің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру

 

Топқа бөлу

2 мин

 

Амандасу. Жағымды психологиялық  ахуалды  қалыптастыру мақсатында мұғалімдер бір-біріне тілек айтады.

Геометриялық фигуралар арқылы  қатысушыларды топқа бөледі.

Қатысушылар жақсы көңіл-күймен  сабаққа ынталанады.

Геометриялық фигуралар арқылы топқа бірігеді.

Ой шақыру

Слайд

№ 1-9

3  мин

1. Суреттер көрсетеді, ассоциацияларын тыңдайды.

2. Коучингтің тақырыбы мен мақсатын  жариялайды.

3. Коучингтен не күтетіндерін сұрайды.

Суреттерді көреді, ассоциацияларын айтады.

Стикерлерге жауаптарын жазады.

Мағынаны тану

 

 

 

 

Топтық жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Практикалық жұмыс «Әткеншек» әдісі

Теориялық материал

Слайд

 №10-14

 

7 мин

 

 

Слайд

№15-18

13 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд №19

10 мин

Слайд №20-23

5 мин

1.Мұғалімдерге сұрақ қояды,   диалог жүргізеді. 

Мақсаттар дегеніміз не және олар не үшін қажет?

2. Бейнежазба көрсетеді.

3. SMART-мақсаттар туралы презентация көрсетеді.

4. Тапсырмалар береді.

1-топ:

Бiреудiң өзiне қоя алатын мақсаттардың мысалдарын талдатады:

а. Пәк адам болу

б. Мiнсiз болу

с. Пәк адам мен мінсіз бола отырып,  бақытты өмір сүру.

2-топ:

а. Сурет салу қабiлетiмдi жетiлдiру

б. Былтыр бастаған кiтапты бiтiру

с. Жасым жүзден асып, шөберелерiмнiң тойларын көру

 3-топ:

а.http://www.typingstudy.com сайтында күнделiктi бiр сабақ ала отырып екi аптада қарамай компьютерде жазуды үйрену

б. Ағылшын тiлi бiлiмiмдi жоғары деңгейге көтеру: ағылшын тiлiнде екi сериал қарап шығу (Breaking Bad пен Suits), бес кiтап оқып шығу (кiтаптардын тiзiмiн келтiру) және күнделiктi жұмысқа бара жатқанда NPR радиосын  тыңдау

в. Тепе-теңдi өмiр сүру (интеллектi, рухани, денелiк, әлеуметтi)

Әр топқа практикалық тапсырма  береді.

4. Пәндер бойынша тапсырмаларды талдатады.

5. Сабақ мақсаттарын анықтау бойынша теориялық  материал береді. Үлестірмелі материал таратады.

Сұраққа жауап береді.

 

 

Бейнежазбаны талқылайды.

 

 

 

 

 

 

 

Топта жұмыс жасайды.

 

 

Практикалық тапсырманы орындайды.

 

Өз жұмыстарымен салыстырады.

Ой толғаныс Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлем»

Слайд №24-25

5 мин

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін  кері байланыс  ұйымдастырады.                                                                                                  

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын   жазады.

 


 

 

Категория: Бастауыш қазақ сыныптары ӘБ, Әдістемелік кеңес

 

Ашық сабақ

Автор: admin от 15-09-2016, 10:20, посмотрело: 433

0
Ашық сабақ.
Оқытушы: Бедишева К.


Күні:16.02.17.

Пәні: әдебиеттік  оқу

Тақырыбы:

Мұхаң   да  футбол  ойнаған

Мақсаты:

 

Күтілетін  нәтиже:

 

 

Белгілі  өнер  адамы  М.Әуезовтың  жасөспірім  шағында  футболмен  айналысқаны  туралы  әңгіменің  идеясын  ашу

1)      Мәтінді  өз  бетімен  зерттеп  оқиды,  оқушылар талдау жасайды.

2)      Қазақ  жеріндегі  футбол  ойынының  шығуы,  ұйымдастыруы,ережелері  туралы  біледі

3)      Спортпен  шұғылдану және   салауатты  өмір  салтын  ұстанау  керектігін  түсінеді

Түрі:

Жаңа  білімді  меңгеру  сабағы

Пән  аралық  байланыс: казақ  тілі, дүниетану,дене шынықтыру

Көрнекілігі:

М.Әуезовтың  портреті,  слайдтар

Әдісі:

«Болжау», «Зерттеп  оқу»  әдісі  «Бес  жолды  өлең» синквейн  әдісі, «Венн  диаграммасы», Эссе  жазу.

Барысы:

Ұйымдастыру  кезеңі

 

 

 

 

 

Топтастыру

Жаңа  сабаққа  дайындық

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой  қозғау

 

 

 

 

 

 

 

 

«Болжау»  әдісі

 

 

 

 

Сөздікпен  жұмыс

Психологиялық  ахуал

Бір – біріне  сәттілік  тілеу.

Топқа  бөлу:

      1-топ     Футбол        

      2-топ     Жеңіл  атлетика

      3-топ     Күрес

      4-топ     Хоккей

Бағалау   парақшасын  тарату

Әр  топ   өз  атын  постер  жасап  қорғайды

  Жұмбақ  жасыру

    1)    Жасыл  желек  көгалда,

           Бірде  артқа,

           Бірде  алға, 

           Желаяқ    көп  бала,

           Таласып  жүр  бір  шарға.                      (футболшылар)

    2)     Тепсең – ақ  секіріп,

            Ұстатпай  қашады 

             Бір  жерге  бекініп, 

             Тұра  алмай  сасады.      ( доп)

Үзінді  оқу 

         Мінезі  салмақты, ойынға  онша  құмар емес,  үнемі көз  алдындағы  көрініске таңданып, монтиып  отыратын  қалың  ерінді, аялы  үлкен  көзді  немересін  еркелетіп   « ... »  осылай  айтатын.

-Үзінді  қай  мәтіннен  алынған және  кім туралы айтылған ?

(«Қоңыр  қозым»  мәтінінен  М.Әуезовты  туралы айтылған)

 

- Бүгінгі  біз  танысатын   мәтінде  не  туралы  айтамыз  деп  ойлайсыңдар?

 -Негізгі  кейіпкері  кім  болады?

 -Қандай  ойын  туралы  сөз  болады ?

 

Көпестер-жекеменшігінде  сауда  жасау  үшін өнім  беретін  кәсіпорны  бар ірі саудагер

Кәсіпорын  қожалары –кәсіпорындары бар адамдар

Білу

 

 

Түсіну

«Зерттеп  оқу»  әдісі

 

Мәтінді  тізбектеп  оқыту.

Мазмұнын  жүйелеп  айтқызу.

 

1-топ  (1,2-бөлік)

1.      Бөлікте  кездескен  сан  есімдердін  астын  сызып,  түрін  ажырат

2.      «Футбол» ойынына  қатысты  қандай  сөздер  кездесті?

2-топ  (3,4-бөлік)

 1.  Жалқы  есімдерді  ата.

 2.  Мұхтардың  сипаттауына  көңіл  бөл.

3-топ  (5-бөлік)

1.      Семей  өңірінің  табиғаты.

2.       Спорттың  қандай  түрлері  туралы  айтылды?

4-топ  (6,7-бөлік)

1.      Осы  бөлікте  етістіктің  қай  шақтары  қолданылған?

2.      Қазақстан  футболының  алтын  бастауы  қай  команда  болған?

Сергіту  сәті

«Домбыра  туралы баллада»       Кеңес Дүйсекеев

Талдау

Қолдану

1-топ

Мұхтардың  бойындағы  өнері , қасиеттері.

2-топ

Шебер  футбол  ойыншысы  қандай  болу  керек?

3-топ

Футбол және  басқа спорт  түрлерін аулада  ұйымдастыру  мәселесінде  сендер  үшін  қандай қиындықтар болуы  мүмкін?

4-топ

Қазақстандағы  футбол  командалары,  олардың   жетістіктері  туралы  не  білесіңдер?

Бекіту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау

Үйге тапсырма

Универсиядадағы  жетістіктер

 1-топ

 Футбол  -сөзіне      «Бес  жолды  өлең» жаз

2-топ

Мұхтар- сөзіне       «Бес  жолды  өлең» жаз

3-топ

Венн диаграммасын  құру

Мәтіндегі    Футбол     Қазіргі

4-топ

Эссе  жазу « Футболшы  болу  оңай  ма?»

Оқушылар  өздерінің жұмыстарын  бағалайды

60-62 бет. «Шебер футболшы» эссе  жазу


Категория: Бастауыш қазақ сыныптары ӘБ